Суббота, 05 Октября 2024

Адал еңбек – абырой бастауы

Адал еңбек –  абырой бастауы

Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Еңбек адамды адалдық, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерге баулып, игілікке жеткізеді. 
Президент  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:  «Біз  айтып жүрген  Әділетті  Қазақстанды  адал  азаматтар құрады. Отаныңа, отбасыңа  адалдық – парасаттылық  пен  адамгершіліктің  белгісі. Адал  еңбек  етіп, адал  табыс  тапқан  адам  жетістікке  жетеді, құрметке  ие  болады. Әр  салада  адалдық  басты  орында  тұрса, әділ  қоғам  орнайды. Жемқорлыққа  жол  берілмейді, ел  мүддесіне  сай  шешім қабылданады. Жалпы  әділетті  Қазақстанды құру  министрлер  мен  әкімдердің  ғана міндеті  емес. Оған  бүкіл  қоғам болып жұмылуымыз  қажет», -  деді.                                                                                                                   
Бүгінгі ортаға салар ойым, өз  ісін халқы үшін арнап, ауданымызда абыройлы еңбек еткен, адамды, оның өмірін мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау міндеттерін адал атқарған   азаматтардың бірі  - Ұйғыр ауданының прокуроры болған  Бауыржан Маратбекұлы Қибраев туралы болмақ. 
16 тамыз күні Қонаев қаласында өткен Алматы облысы білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Алғыс хатымен марапатталғанын көріп, қатты қуандым. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жақсы адам туралы айту – менің ардагер-ұстаз  ретіндегі  парызым  деп білемін. 
Бауыржан Маратбекұлы  Ұйғыр  аудандық білім бөлімінің басшысымен бірлесе отырып №1 Шонжы мектеп-лицейінде  «Прокурордың жас көмекшісі» атты клуб құрды. Прокурордың ісіне, киген формасына қызыққан оқушылар білім мен тәрбие саласында үлкен серпілістерге ие болды. Аудандық прокуратура ғимаратына «Прокурордың жас көмекшілерін» апарып, ішкі жұмыспен таныстырды. Оқушылардың сол ғимаратқа баруы бала бойында үлкен жауапкершілікті қалыптастырды. Игі бастама кезінде Алматы облысында қызмет істеген, үлкен абыройға ие болған прокурор ағамыз Өтеген Сейітовтың 100 жылдығын атап өтумен, Өтеген Сейітұлы атындағы  арнайы сынып ашылуымен және  бұрыш ұйымдастырылуымен жалғасып, үлкен өнегелі шараға айналды. Бастаманың тағы бір көрінісі: жақында облыстық прокуратураның «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Ұйғыр ауданы прокуратурасы мен аудандық білім бөлімі  бірлескен  түрде «Прокурордың жас көмекшісі» клубының  мүшелеріне Ұйғыр ауданында орналасқан Шарын шатқалы мен Ерентоғайында «Құқықтық білім және экотуризм: Жас прокурорлардың миссиясы» атты экскурсия және оқыту семинарын ұйымдастырды.  
«Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс» деген Мемлекет басшысының сөзі әрбір қазақтың ұстанымы болса, алынбайтын қамал жоқ. 
Бауыржан балам отаншыл, білімпаз, еңбекқор,  әділ қасиетінен танбай,  Ұйғыр ауданында бала тәрбиесіне қосқан өнегелі еңбек жолын Еңбекшіқазақ ауданында әрі қарай жалғастырады деген  сенімдемін.  «Адам еңбегімен ардақты, мінезімен қадірлі»,  сондықтан осындай  халыққа адал  қызмет ететін                Бауыржандай азаматтар көбейе берсін! Ісі мен сөзі бір жерден шығатын  Жаңа Қазақстанның прокуроры Бауыржан Маратбекұлына  ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеуде табандылық пен табыстар тілеймін!  

Рая Әбілжанқызы Сартолова,
«Аяулы ана» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озаты, Ұйғыр ауданының құрметті азаматы, аудандағы 
ардагер әжелер кеңесінің төрайымы.

Другие новости

Молодежь пишет будущее страны

Молодежь пишет будущее страны

Начался республиканский съезд молодых волонтеров А...

  28.08.2024   2289
В поле внимания депутатов

В поле внимания депутатов

Группа народных избранников во главе с секретарем...

  25.08.2024   2467
Лучше гор могут быть только горы

Лучше гор могут быть только горы

«Лучше гор могут быть только горы, на которых еще...

  24.08.2024   2471
Қоқыс мәселелерін шешу

Қоқыс мәселелерін шешу

Алматы облысы бойынша экология департаменті басшыс...

  24.08.2024   1190
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.