Воскресенье, 04 Октября 2026

Алатау қаласының кітапханасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Алатау қаласының кітапханасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Алатау қаласының кітапханасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шараға қала әкімінің орынбасары Несіпбаева Гүлбану Сейткенқызы, қала ардагерлері мен Аналар кеңесінің өкілдері қатысты.

Іс-шара қала әкімінің құттықтау сөзімен басталып, ақсақалдың ақ батасымен жалғасты. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесі де жылы лебіздерін білдіріп, мерекенің мәні мен маңызы жайлы ойларын ортаға салды.

Кеш барысында қала өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында келген қонақтарға ақ дастархан жайылып, ізгі ниетпен ақ тілектер айтылды.

Бұл мереке – халқымыздың бірлігін, ынтымағын және сыйластығын дәріптейтін ерекше күн. Осындай игі шаралар қаламызда алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Алатау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Кеңесбаева Гүлназ Ізбасарқызы.

Другие новости

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы дүркіреп өтуде

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы дүркіреп өтуде

Алматы облысында Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жы...

  03.10.2026   132
Махмұд Қашқари мұрасы Ыстықкөлде ұлықталды: «Диуани лұғат ат-түрк» көрмесі тұрақты экспозицияға айналды

Махмұд Қашқари мұрасы Ыстықкөлде ұлықталды: «Диуани лұғат ат-түрк» көрмесі тұрақты экспозицияға айналды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Ыс...

  03.10.2026   148
Жамбыл вновь собрал мастеров меткого слова

Жамбыл вновь собрал мастеров меткого слова

Живое слово, мгновенная реакция и поэтическая импр...

  03.10.2026   171
Главный подарок внуку

Главный подарок внуку

Книга, которую когда-то читала бабушка, может мног...

  02.10.2026   137
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.