Воскресенье, 28 Декабря 2025

Алматы облысында Ұйғыр ауданындық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

Алматы облысында Ұйғыр ауданындық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

2025 жылғы 9 қыркүйекте Ұйғыр ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық І сессиясы ұйымдастырылды. Іс-шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. Әсел Мұратқызы Джалғаспаева төрағалық етті.

Сессия барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында берген тапсырмаларының орындалуы талқыланып, аудандағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстар сараланды.

Жиында Ұйғыр ауданының әкімі, аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Бота Серікқызы Елеусізова сөз сөйлеп, Ассамблеяның қоғамдағы рөлі мен стратегиялық маңызына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жәнет Сәдіұлы Керімқұлов, ҚХА мүшесі Ришат Лекимжанович Розахунов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күлжахан Кәкішқызы Аликеева және Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Арлен Сеналұлы Османов баяндама жасады.

Жастар тарапынан аудандық Ассамблея жастарының төрайымы Ақжан Тілеубердіқызы Сегізбаева сөз алып, қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты сақтауда жастардың белсенділігі ерекше екенін атап өтті.

Сессия соңында қатысушылар сұрақ-жауап алаңында пікір алмасып, іс-шара қорытындыланды.

Другие новости

Диалог в унисон сердцу

Диалог в унисон сердцу

В Доме культуры села Узынагаш состоялось отчетное...

  26.12.2025   181
Слово как опора

Слово как опора

В преддверии Нового года в актовом зале районного...

  25.12.2025   263
Корни, что держат дерево

Корни, что держат дерево

Средняя школа №39 села Енбекши Талгарского района...

  22.12.2025   261
Когда талант замечен

Когда талант замечен

В библиотеке города Қонаев состоялось вручение сти...

  19.12.2025   368
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.