Четверг, 18 Сентября 2025

Отан - отбасынан басталады

Отан - отбасынан басталады

Алматы облысы бойынша қала, аудан және әрбір округте «Асыл ана» ҚБ, аудан, қала төрағалары, «Алатау жастары» жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Отбасы күні» мерекесіне орай отбасы құндылықтарын, ұлттық мәдени мұраны және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында 10 күндік  ерекше мәні бар игі іс-шаралар өтті. 

Қазақы дәстүрді ұлықтаған бұл күнде ұлттық сал-дәстүріміздің бірі  «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу»,  «Келін түсіру», «Тіл ашар», «Сырға салу» рәсімі киіз үйдің ішінде кеңінен ұйымдастырылды. Аталған шараға ардагерлер, аналар, жас келіндер, ауыл тұрғындары қатысты.  Отбасы  тіршілігінде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса, баланың ұлттық сана-сезімі ерте оянады. Әр көкрегі ояу қазақ баласының ұлттық құндылықтарды меңгеруі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады. Аталған шарада ақсақал ардагерлер бата беріп, жас баланың  тұсауын кесті, ал ардагер аналар жас келінге баланы бесікке бөлеуді көрсетті. Сонымен қатар, шараға қатысқан әжелер «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деп М. Әуезов айтқандай ағаш бесік көшпелі өмірге қолайлы,- киелі зат. «Бесіктегі бала бес түлейді», -  деген халқымыздың қанатты сөзінен – ақ, бесіктің бала үшін қандай маңызды екені түсіндірілді. Баланы бесікке байсалды бәйбіше бала жылауық болмау үшін үндемей салып, тілеуін содан кейін айтқан. Жалпы бесік қазақ халқының қайталанбас ұлттық құндылығы.  Тұсау кесу» үлкен ақсақалдарға, тілі зерек шешендерге, ақындарға, елгезек шаруаға икемді адамдарға ырым етіп, баланың аяғын көк шөп, тоқ ішек, ала жіппен кескен. Осы аталған заттардың әрқайсысының да бала өмірінде алатын орны ерекше. Шара соңы қазақтың халық әндері орындалуымен аяқталды. Адамдарға ырым етіп, баланың аяғын көк шөп, тоқ ішек, ала жіппен кескен. Осы аталған заттардың әрқайсысының да бала өмірінде алатын орны ерекше. Шара соңы қазақтың халық әндері орындалуымен аяқталды.

Қай қоғамда өмір сүрмейік, ұрпақ біздің болашағымыз, жарқын күндеріміз. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп нық айта аламыз.

Алматы облысы әкімнің баспасөз қызметі.

Другие новости

Декада возрождения ценностей

Декада возрождения ценностей

В Алматинской области в честь «Дня семьи» прошел 1...

  18.09.2025   61
Отан - отбасынан басталады

Отан - отбасынан басталады

Алматы облысы бойынша қала, аудан және әрбір округ...

  18.09.2025   70
Под песни на трех языках

Под песни на трех языках

Фестиваль украинской культуры «Под единым шанырако...

  17.09.2025   160
В гармонии  единства и согласия

В гармонии единства и согласия

В селе Шонжы состоялось важное событие - первая се...

  15.09.2025   289
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.