Пятница, 20 Февраля 2026

ҰЛЫ ДАЛА МҰРАГЕРЛЕРІ

ҰЛЫ ДАЛА МҰРАГЕРЛЕРІ

Республика күніне орай Алматы тұрғындарына күй шашу тарту етті

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100 оқушысы 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобын ұйымдастырды.
Алматы қаласының ірі ойын-сауық және сауда орталығында өткен шарада бір мезетте жүз домбырашының орындауындағы күмбірлеген күй әуені жиналған жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді. Домбыра үні мен халыққа кеңінен таныс күйлер тыңдаушыларға ұлттық рух пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жас орындаушылар Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», “Әлқисса”, Құрманғазының «Кішкентай», Әбдімомын Жілдебаевтың «Ерке сылқым» шығармаларын орындап, көрермендерге рухани ләззат сыйлады. Сонымен қатар мың бұралған бишілер қазақ биін билеп, жас әншілер патриоттық әндер орындады, ал оқушылар Абайдың баға жетпес мұрасынан өлеңдер оқыды.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің бұл дәстүрлі мерекелік шарасы ұлттық мәдени мұраны дәріптеуді, ел тарихына деген құрмет пен жас ұрпақ бойында отансүйгіштік сезімін арттыруды мақсат етеді.

Другие новости

Воспоминания тринадцати веков

Воспоминания тринадцати веков

Талгар - древний город, его история хранит тайны и...

  18.02.2026   159
Поэт вне времени

Поэт вне времени

Литературно-музыкальным вечером «Есіңе мені алғайс...

  16.02.2026   218
Любимые поэты народа

Любимые поэты народа

В Жамбылском районном Доме культуры села Узынагаш...

  11.02.2026   515
Возрождая традиции

Возрождая традиции

В Уйгурском районе есть предприятие, где бережное...

  09.02.2026   582
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.