Суббота, 30 Мая 2026

Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тапсырылды

Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тапсырылды

Астана қаласында мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыстау рәсімі өтті. Стипендияны Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.

Әдебиет пен өнер саласындағы Президенттік стипендия отандық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Мемлекеттік стипендия тағайындалғаннан бері Қазақстан руханияты мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Биыл 75 адам мемлекеттік қолдауға ие болды. Стипендиаттар қатарында танымал мәдениет майталмандары да, болашағынан үміт күттіретін дарынды жастар да бар.

Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы. Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.

Стипендиаттар қатарында Жандарбек Мәлібеков, Меруерт Өтекешова, Роза Мұқанова, Самал Еслямова, Ермек Асылханов, Қайрат Байбосынов және өзге де мәдениет қайраткерлері бар.

Сондай-ақ жас таланттарға да ерекше назар аударылды. Олардың қатарында опера әншісі Мария Мудряк, театр актрисасы Алтынай Нұрбек, театр және кино актері Бәзіл Сұлтанғазы, актриса Екатерина Максим және басқа да өнер иелері бар. Қазірдің өзінде бұл азаматтар айтарлықтай жетістіктерге жетіп, қазақстандық мәдениетті халықаралық деңгейде насихаттап жүр.

Бұл қолдау өнерпаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, ұлттық мұраны сақтауға, еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді.

Айта кетейік, Қазақстанда мәдениет саласы өкілдерін қолдаумен қатар, мәдени инфрақұрылымды нығайту және шығармашылық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Соңғы 5 жылда мәдениет пен өнер саласын қаржыландыру көлемі екі есе артты. Ел бойынша 150-ден астам жаңа мәдениет нысаны ашылды, оның ішінде 9 театр, 18 музей және 50-ден астам кітапхана бар. Сонымен қатар 200 мың сақтау бірлігіне арналған 4 аудандық мемлекеттік архив ғимараты салынды. Бұдан бөлек, 11 мәдениет ұйымына «Ұлттық», ал 9 ұйымға «Академиялық» мәртебе берілді.

Әдебиетті дамыту саласы да маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл салада 2023 жылы жас жазушылар мен ақындарды қолдау мақсатында құрылған Президенттік әдеби сыйлық, сондай-ақ 2022 жылы тағайындалған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы заманауи қаламгерлерді танытып, шығармаларынан насихаттауға мүмкіндік береді. Бүгінде аталған әдеби сыйлықтарды 40 адам иеленіп, мемлекет тарапынан қолдау тапты.

Баспа ісі саласы бойынша да бірқатар жұмыс атқарылды. Атап айтсақ, 2025 жылы таралымы 240 500 дана болатын 119 атаулы әдеби туында жарық көрді. Кітаптар еліміздегі көпшілікке қолжетімді кітапханаларға таратылды.

Сонымен қатар «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек адамдарын көркем шығармалар арқылы насихаттауға арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» республикалық байқауы ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымды жаңарту, шығармашылық қызметкерлерді қолдау елдің бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтып, Қазақстанды халықаралық аренада мәдениеті мен өнері арқылы танытуға ықпал етеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Искусство в каждом движении

Искусство в каждом движении

В Доме культуры города Қонаев состоялся ежегодный...

  30.05.2026   117
О своих истоках через век

О своих истоках через век

В г. Алматы в зале имени Н. Даулетовой Национально...

  29.05.2026   227
Сто лет большого разговора

Сто лет большого разговора

В Алматы в зале имени Назиры Даулетовой Национальн...

  25.05.2026   436
Стартовал прием заявок на международный конкурс Astana AI Film Festival для креаторов со всего мира

Стартовал прием заявок на международный конкурс Astana AI Film Festival для креаторов со всего мира

Официальный сайт Astana AI Film Festival (AAIFF) a...

  25.05.2026   292
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.