Пятница, 23 Октября 2026

Алматы облысының оқушылары республикалық «Махамбет оқуларында» топ жарды

Алматы облысының оқушылары республикалық «Махамбет оқуларында» топ жарды

Атырау қаласында өткен республикалық «Махамбет оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсында Алматы облысының бес оқушысы бақ сынап, төртеуі жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздардың екеуі І орын иеленді.

2026 жылғы 22–23 қазанда Атырау қаласында жалпы білім беретін мектептердің 8–11-сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өтті.

Байқаудың мақсаты – Махамбет Өтемісұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, оқушылардың ақын шығармаларына деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық өнерге деген құрметін қалыптастыру.

Республикалық байқауда Алматы облысының оқушылары бірнеше бағыт бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, «Біз неткен ер, неткен ер, Сергелдеңмен өткен ер…» бағыты бойынша Іле ауданы М. Мақатаев атындағы №13 орта мектептің оқушысы Құттымұрат Мейіржан І орын иеленді. Сонымен қатар ол Х. Досмұхамедов атындағы университеттің білім беру грантына сертификат алды. Жетекшісі – Жұмамуратова Салима.

«Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша Қонаев қаласындағы Қ. Қайсенов атындағы №4 орта мектептің оқушысы Атығай Алихан І орынға ие болды. Жетекшісі – Сәденов Жанатбек.

«Ел құтқарар ер едім…» бағыты бойынша Іле ауданының №36 орта мектебінің оқушысы Жамал Райяна ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – Абиыр Дина.

Ал «Нарында» бағыты бойынша Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясының оқушысы Мурзахан Аминат ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі – Бекбосынова Мейрамкүл.

Осылайша, Алматы облысының оқушылары республикалық деңгейдегі байқауда төрт жүлделі орынға ие болып, өңір мерейін асқақтатты.

Другие новости

Алматы облысының оқушылары республикалық «Махамбет оқуларында» топ жарды

Алматы облысының оқушылары республикалық «Махамбет оқуларында» топ жарды

Атырау қаласында өткен республикалық «Махамбет оқу...

  23.10.2026   73
Окно в большой мир литературы

Окно в большой мир литературы

В Коктальской сельской библиотеке Балхашского райо...

  22.10.2026   150
Родной край в стихах и книгах

Родной край в стихах и книгах

В сельской библиотеке села Акдала Балхашского райо...

  22.10.2026   162
Крепкий фундамент независимости

Крепкий фундамент независимости

«Рухы биік, тұғыры берік – Қазақстан». Так называл...

  21.10.2026   199
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.