Фото: gov.kz.Оқу-жаттығудың мақсаты, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Жаттығу террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актісінің жолын кесу шараларын жетілдіруге бағытталған.Осыған орай, азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға, көлік пен адамдар қозғалысының уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы облысының жедел штабы.