Четверг, 05 Февраля 2026

Қарасай ауданында шешілмей жатқан мәселе көп – тұрғындар

Қарасай ауданында шешілмей жатқан мәселе көп – тұрғындар

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық қалаулыларының алдына көмек сұрай келген зейнеткер Сапар Иманғалиевтің айтуынша, көшеде адамнан гөрі қаңғыған ит көп.

«Көшенің бойы тола қаңғыған иттер. Кішкентай балаларға зияны тиіп кете ме деп қорқамын. Ынтымақ базарының манында 15-тен аса итті санап шықтым. Оларға бір шара қолданса екен деймін. Жоғары жаққа жеткізіп, осы мәселе шешімін тапса», – дейді зейнеткер.

Мәжілісмендердің айтуынша, еліміздің аймақтарынан бұралқы иттер туралы шағым үнемі түсіп тұрады. Қазіргі уақытта мәселе рес­публика көлемінде көтеріліп, мәжілісте қаралуда.

Ал Іргелі ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Жұмағали Кемертоған ауылының өзекті мәселелерін атап өтті.

«Ауылда жол сапасы сын көтермейді. Небәрі 4,7 шақырым жолдың ой-шұңқыры көп. Жел сәл күш алса, жарық өшіп қалатын «дәстүр» пайда болды. Онымен қоса электр энергиясының бағасы бір киловатт үшін 35 теңгеге дейін жетеді. Бұл өте қымбат. Ал 5 мыңнан аса бала оқитын ауыл мектебінің толып кету мәселесі тағы да толғандырады», – дейді тұрғын.

Мәжіліс депутаттары жағдаймен жіті танысып, аталған мәселелердің оң шешілуіне күш салатындарын жеткізді.

Айта кету керек, өткен жылы Қарасай ауданында 6 мектеп ашылды. Ал Кемертоған ауылында үшауысымды мектептің мәселесін шешу үшін 2027 жылға дейін партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 1500 орындықты  2 мектеп салу жоспарланып отыр.

Другие новости

Честный разговор о проекте Конституции

Честный разговор о проекте Конституции

В одном документе одновременно усиливаются права ч...

  04.02.2026   125
Новый этап развития региональных медиа

Новый этап развития региональных медиа

Региональный телеканал Qonaev Media, запущенный в...

  04.02.2026   134
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласында офлайн және...

  04.02.2026   120
Новая Конституция — ключевой путь, ведущий страну Великой Степи к новым высотам демократии

Новая Конституция — ключевой путь, ведущий страну Великой Степи к новым высотам демократии

4 февраля 2026 года в городе Астане в офлайн и онл...

  04.02.2026   135
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.