Четверг, 12 Февраля 2026

«Заманауи медициналық қызмет: Көміршіде жаңа пункттің есігі ашылды»

«Заманауи медициналық қызмет: Көміршіде жаңа пункттің есігі ашылды»

Республика күні қарсаңында Райымбек ауданындағы Көміршіде медициналық пункт есігін ашты — бұл ауыл тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқаты үшін маңызды оқиға. Ел игілігіне берілген бұл нысан, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, жалпы құны 118 239 464,34 теңгені құрайды.

Медициналық пункттің жобаланған аумағы 3000 м²-ді қамтиды, оның ішінде ғимараттың құрылыс алаңы 288,55 м², көгалдандыру аймағы 1445,06 м², ал қаптау аймағы 1266,39 м² болады. Жаңа ғимараттың тікбұрышты пішіні, бір қабатты және жертөлесіз салынған. 13х18 м өлшемдерімен салынған пункт, өзінің жайлы бөлмелерімен және заманауи инфрақұрылымымен ерекшеленеді.

Ғимараттың ішіне кіргенде, көз алдымызға заманауи медициналық жабдықтар мен жылулық шуағы шашылған кең бөлмелерді көрдік. 

Мұнда орта медицина қызметкерлерінің кабинеті, егу кабинеті, процедуралық кабинет, акушерлік қабылдау кабинеті, мүгедектер мен келушілерге арналған санитарлық тораптар, дәріхана пункті, қызметкерлерге арналған гардероб және жуу бөлмелері, сондай-ақ медициналық қалдықтарды уақытша сақтау және құралдарды дезинфекциялау мен дайындау бөлмелері бар.

Әр бөлмеде санитарлық талаптарға сай раковиналар орнатылып, қызмет көрсету сапасы мен тазалыққа ерекше көңіл бөлінген. Бұл жаңа медициналық пункт, ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсартуға, сондай-ақ аймақтағы денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыруға арналған.

Көмірші ауылының жаңа медициналық пункті — бұл тек ғимарат қана емес, сонымен қатар ауыл өміріндегі жаңа серпін. Көгалдандырылған аумақ, жасыл желектер мен гүлдердің иісімен толып, келушілер мен медициналық қызметкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мұнда әрбір тұрғынның денсаулығына көңіл бөлініп, жедел және сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік туады.

Осылайша, Көмірші ауылындағы жаңа медициналық пункт, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Бұл нысан — елдің денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар мен жетістіктерінің жарқын үлгісі, ауылдағы өмірдің сапасын арттыруға арналған сенімді бастама.

Алматы облысы әкімнің баспасөз қызметті.

Другие новости

Осознанный выбор зрелого общества

Осознанный выбор зрелого общества

Вынесение проекта Конституции на всенародный рефер...

  12.02.2026   99
Мы принимаем истинно народную Конституцию

Мы принимаем истинно народную Конституцию

Работа Конституционной комиссии пришла к своему ло...

  12.02.2026   115
Широко обсуждая нормы проекта

Широко обсуждая нормы проекта

Главой государства был подписан Указ о проведении...

  12.02.2026   102
Право быть услышанным

Право быть услышанным

В Каскелене состоялся откровенный разговор о будущ...

  12.02.2026   111
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.