Вторник, 24 Февраля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «FRUIT ART» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «FRUIT ART» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Ынтымақ ықшам ауданындағы «FRUIT ART» ЖШС- ның  еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек құқықтары, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтті.

«Жаңа Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі. Әрбір азаматтың референдумға қатысып, дауыс беруі – еліміздің даму жолына қосқан үлесі», – деді коалиция мүшесі Айдын Макпырович.

Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алғандарына алғыстарын айтты.

Жалпыұлттық коалиция ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еліміздің түкпір-түкпірінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Другие новости

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерт өтті

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерт өтті

Aport Mall West сауда-ойын-сауық орталығында «Әділ...

  24.02.2026   36
В Алматинской области прошёл масштабный концерт в поддержку новой Конституции

В Алматинской области прошёл масштабный концерт в поддержку новой Конституции

В торгово-развлекательном центре Aport Mall West с...

  24.02.2026   46
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЖАҢААРНА ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ №9 ОРТА МЕКТЕПТІҢ  ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЖАҢААРНА ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ №9 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  24.02.2026   72
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «FRUIT ART» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «FRUIT ART» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  24.02.2026   64
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.