Пятница, 27 Февраля 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША «РАУАН» БАЗАРЫНДА АШЫҚ ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША «РАУАН» БАЗАРЫНДА АШЫҚ ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Іле ауданы Өтеген батыр ауылында  «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері аудан тұрғындарымен ашық форматта экспромт-кездесу өткізді. Іс-шара аудан орталығындағы  ірі әмбебап құрылыс базарында ұйымдастырылып, келушілерге Жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын түсіндіруге арналды.

Жұмысшы топ өкілдері әмбебап орталығына келген азаматтармен еркін форматта пікір алмасып, Конституцияның жаңа жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.

Коалиция мүшесі Тлеукен Отыншықызы өз сөзінде Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, билік тармақтарының жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

«Бұл – тек заңнамалық құжат емес, елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам. Сондықтан әрбір азамат референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы қажет», – деді ол.

Ал Нұрлан Түймелиев Конституциялық өзгерістердің халықтың сұранысына негізделгенін жеткізді.

«Бүгін біз тұрғындармен тікелей жүздесіп, олардың пікірін тыңдап отырмыз. Референдум – әр азаматтың ел тағдырына араласуына мүмкіндік беретін тарихи сәт. Саналы таңдау жасау үшін ең алдымен толық ақпарат алу маңызды», – деп атап өтті ол.
Іс-шара барысында тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылып, алдағы референдумның маңызы кеңінен түсіндірілді. Ашық әрі еркін форматта өткен кездесу азаматтардың саяси үдерістерге белсенді қатысуына серпін берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғындармен тікелей байланыс орнату арқылы түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.

Другие новости

В КИСИ молодые эксперты обсудили ключевые новеллы новой Конституции

В КИСИ молодые эксперты обсудили ключевые новеллы новой Конституции

27 февраля в Казахстанском институте стратегически...

  27.02.2026   93
ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

27 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті жа...

  27.02.2026   97
28 февраля в 11:00 в Астане состоится межпартийный диалог «Новая Конституция – новые возможности»

28 февраля в 11:00 в Астане состоится межпартийный диалог «Новая Конституция – новые возможности»

28 февраля в 11:00 в Астане состоится межпартийный...

  27.02.2026   74
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША «РАУАН» БАЗАРЫНДА АШЫҚ ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША «РАУАН» БАЗАРЫНДА АШЫҚ ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Іле ауданы Өтеген батыр ауылында  «Әділетті ж...

  27.02.2026   74
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.