Среда, 11 Марта 2026

Коалиция мүшелері Қарғалы орталық аурухана ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Қарғалы орталық аурухана ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Қарғалы ауылындағы Орталық аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылды. Коалиция мүшелері Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені жаңа редакцияда нақты бекітілетінін және азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатынын атап өтті.

Сонымен қатар жобаға сәйкес Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатыны және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітілетіні айтылды.

«Жаңа Конституция – әлеуметтік міндеттемелерді нақтылайтын, билікті институционалдық тұрғыдан шектейтін құжат. Денсаулық сақтау саласының кепілдіктері сақталады, ал Конституциялық Сот заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін бақылап отырады. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз ететін жүйелі реформа», – деді коалиция мүшесі Жакен Успанов.

Медицина қызметкерлері кездесуге белсенді қатысып, сұрақтарына жауап алды.

Другие новости

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АРНА ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №2 ОРТА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АРНА ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №2 ОРТА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   61
Гүлдала ауылдық округінің амбулаториясының ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Гүлдала ауылдық округінің амбулаториясының ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Талғар ауданындағы Гүлдала ауылдық округінің амбул...

  11.03.2026   59
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «САРЫБҰЛАҚ» ФАБРИКАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «САРЫБҰЛАҚ» ФАБРИКАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   39
Голос молодой семьи

Голос молодой семьи

Конституция для любого государства - основа правов...

  11.03.2026   58
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.