Среда, 11 Марта 2026

Коалиция мүшелері Қарасай тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Қарасай тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданындағы Қарасай ауылының жұртшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасындағы меншік пен табиғи ресурстарға қатысты нормалар талқыланды. Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.

Коалиция мүшесі Мықыбаев Жұман бұл норманың маңызын кеңінен түсіндірді.

«Жер – бұл жай экономикалық ресурс емес, ұлттық байлық. Жаңа редакцияда табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты бекітіледі. Бұл – стратегиялық маңызы бар норма. Ол жер мен байлықтың ел мүддесіне қызмет етуін конституциялық деңгейде айқындайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл – жер қатынастарының құқықтық негізінің айқын әрі әділетті болуына кепілдік», – деді ол.

Тұрғындар кездесуге белсенді қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

Другие новости

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ СҰЛТАН СПОРТ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ СҰЛТАН СПОРТ КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   75
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АРНА ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №2 ОРТА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АРНА ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №2 ОРТА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   93
Гүлдала ауылдық округінің амбулаториясының ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Гүлдала ауылдық округінің амбулаториясының ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Талғар ауданындағы Гүлдала ауылдық округінің амбул...

  11.03.2026   84
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «САРЫБҰЛАҚ» ФАБРИКАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «САРЫБҰЛАҚ» ФАБРИКАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  11.03.2026   68
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.