Четверг, 08 Октября 2026

«Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы өтті

«Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы өтті

2026 жылғы 26 маусымда Алматы облысы, Қонаев қаласында «Бірлігіміз әралуандықта» жобасы аясында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» атты республикалық форум өтті. Форумның мақсаты – этносаралық татулықты нығайту, қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеу және өңіраралық тәжірибе алмасу болды.  

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы Майлыбаев, республикалық және өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің басшылары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.  

Форум барысында этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, жастардың ел бірлігін нығайтудағы рөлі, сондай-ақ Жаңа Конституция мен Ұлттық құрылтайдың маңызы жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Спикерлер баяндамалар жасап, өзара тәжірибе алмасып, қоғамдық келісім саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісті.  

Форум қорытындысында қатысушылар этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдіріп, қоғамдық тұрақтылықты сақтау – елдің орнықты дамуының басты кепілі екенін атап өтті.

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   149
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   107
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   104
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   96
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.