Пятница, 23 Октября 2026

23 тамыз – Іле ауданы тұрғындарының ортақ таңдауы

23 тамыз – Іле ауданы тұрғындарының ортақ таңдауы

Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

23 тамыз күні Құрылтай сайлауы өтеді. Бұл – әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, елдің болашағына өз үлесін қосатын маңызды күн.

Сайлауға қатысу – тек конституциялық құқық қана емес, сонымен қатар туған жерге, елге деген жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір берілген дауыс – әділетті, тұрақты әрі өркендеген Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Бүгінде Іле ауданы қарқынды дамып келеді. Жаңа мектептер салынып, жолдар жөнделуде, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл игі бастамалардың жалғасуы қоғамның белсенділігі мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне байланысты.

Сондықтан Іле ауданының барлық тұрғындарын 23 тамыз күні сайлау учаскелеріне келіп, өз азаматтық ұстанымдарыңызды білдіруге шақырамыз.

Еліміздің ертеңі – әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты.

23 тамызда сайлауға қатысып, өз дауысыңызды беріңіз!

Бірлігіміз – берекеміз, таңдауымыз – жарқын болашағымыз!

Другие новости

Энергия для роста

Энергия для роста

Развитие энергетической инфраструктуры напрямую св...

  23.10.2026   79
Неисчерпаемое сокровище нации

Неисчерпаемое сокровище нации

Государственный язык помогает людям разных этносов...

  23.10.2026   47
Энергия молодых сердец

Энергия молодых сердец

В преддверии Дня Республики в Талгарском политехни...

  23.10.2026   57
Калейдоскоп талантов

Калейдоскоп талантов

Более сотни работ, выполненных в самых разных техн...

  23.10.2026   51
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.