Понедельник, 17 Августа 2026

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады.
Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауында қазақстандықтардың қатысу деңгейі айтарлықтай жоғары болады деп күтілуде.

«Егер Құрылтайға (Парламентке) сайлау келесі жексенбіде өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге ниетті екенін білдірді. Басқаша айтқанда, респонденттердің төрттен үшеуі Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті.

Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

Зерттеу барысында респонденттердің электоралдық таңдаулары да зерделенді. Сауалнама қатысушыларына сайлауда қай саяси партияға дауыс беруге дайын екендері сұралды.

- Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттер арасында ең жоғары қолдауға «Әділет» партиясы ие. Сауалнамаға қатысқандардың 70,3%-ы аталған партияға дауыс беруге дайын екенін білдірді. Осылайша «Әділет» партиясы электоралдық таңдаулар рейтингінде бірінші орынға ие болып отыр.

- Екінші орында – «Ауыл» партиясы, оған респонденттердің 5,6%-ы дауыс беруге дайын.

- Үшінші орында «Ақ жол» партиясы, партияны қолдаушылар үлесі 5,0% құрады.

- Келесі кезекте «Respublica» партиясы орналасқан, оны респонденттердің 4,9%-ы қолдауға дайын.

- Бесінші орында 4,2% нәтижемен оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партия орналасқан.

- Алтыншы орында – Халық партиясы респонденттердің 3,9% қолдаған.

- Жетінші орында – «Байтақ» партиясы, қолдау деңгейі 0,6%-ды құрады.

Сондай-ақ респонденттердің 5,5%-ы электоралдық енжарлықтанытып отыр. Оның ішінде 1,6%-ы барлығына қарсы дауыс беретінін айтса, 3,9%-ы қай партияға дауыс беретіні туралы әлі шешім қабылдамаған.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың электоралдық дайындығы жалпы жоғары деңгейде. Бұл азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне тұрақты қызығушылық танытатынын білдіреді және алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға деген саналы дайындығын айқын дәлелдейді.

Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.

Демократия институты бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 шілдедегі № -11-07/ЗТ-Қ-34 хабарламасы негізінде жариялап отыр.

Другие новости

Большинство граждан выразили готовность принять участие в предстоящих выборах в Курултай

Большинство граждан выразили готовность принять участие в предстоящих выборах в Курултай

Институт Демократии представляет результаты социол...

  17.08.2026   66
Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 там...

  17.08.2026   66
Семья как опора общества

Семья как опора общества

Новая Конституция закрепляет, что брак и семья, ма...

  17.08.2026   78
Природа получила конституционную защиту

Природа получила конституционную защиту

Новая Конституция прямо говорит, что земля, недра,...

  17.08.2026   74
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.