ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ТАҢДАУ
Құрылтай сайлауы – еліміздің болашағына бағыт беретін маңызды үдеріс. Балабақша меңгерушісі ретінде білім мен тәрбие саласының дамуына ерекше мән беремін.
Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел азаматы. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану – басты міндетіміз.
Құрылтай сайлауында әрбір таңдау елдің ертеңіне деген жауапкершілікті білдіреді. Біз білім мен тәрбиенің дамуына, жас ұрпақтың жарқын болашағына үлес қосатын бастамаларды қолдаймыз.
Еліміздің тұрақты дамуы мен ұрпағымыздың кемел келешегі үшін бірлікпен, жауапкершілікпен әрекет етейік!
Г. Молдажұпарова
«Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасының басшысы






