Суббота, 22 Августа 2026

6 жылда тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді

6 жылда тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді

Қазақстанда халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Соңғы алты жылда елдегі газдандыру деңгейі 51%-дан 64,2%-ға дейін өсті. Осы кезеңде шамамен 4 млн қазақстандық табиғи газға қол жеткізді — газбен қамтамасыз етілген халық саны 9,1 млн адамнан 13,1 млн адамға дейін артты.

Осы жылдары газдандыру жұмыстарына 1 мыңнан астам елді мекен қамтылып, 20 мың км газ тарату желісі салынды.

Көрсеткіштің өсуі газ тасымалдау және газ тарату жүйелерін дамытуға, сондай-ақ жаңа елді мекендерді газға қосуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде қамтамасыз етілді.

Тек 2025 жылдың қорытындысы бойынша 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Бір жыл ішінде шамамен 2 мың км газ тарату желісі салынды.

2026 жылы газ инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 40 жоба іске асырылуда, оның ішінде 7 өтпелі және 33 жаңа жоба бар. Жобаларды іске асыру аясында биыл тағы шамамен 36 мың адам табиғи газға қол жеткізеді деп күтілуде.

Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырын салу жобасының маңызы зор. Оны іске асыру жөніндегі меморандумға Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» арасында қол қойылды. Жоба Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын сенімді газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Газдандыруды одан әрі кеңейту Мемлекет басшысының халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілу деңгейін 2035 жылға қарай 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады.

Газдандыру елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлерді дамытуға және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Другие новости

Поручение Президента выполнено: в аэропорту Павлодара реконструирована взлетно-посадочная полоса

Поручение Президента выполнено: в аэропорту Павлодара реконструирована взлетно-посадочная полоса

Президент Касым-Жомарт Токаев неоднократно подчерк...

  22.08.2026   52
За 6 лет доступ к газу получили еще 4 млн казахстанцев

За 6 лет доступ к газу получили еще 4 млн казахстанцев

В Казахстане продолжается масштабная работа по рас...

  22.08.2026   83
6 жылда тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді

6 жылда тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді

Қазақстанда халықтың табиғи газға қолжетімділігін...

  22.08.2026   70
Доля ВИЭ в энергобалансе Казахстана за шесть лет выросла в 4 раза

Доля ВИЭ в энергобалансе Казахстана за шесть лет выросла в 4 раза

В Казахстане продолжается последовательное развити...

  22.08.2026   120
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.