Четверг, 08 Октября 2026

Ардагер ұстаз Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ардагер ұстаз Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алматы облысында Құрылтай депутаттарын сайлауға ардагер ұстаз, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Балжан Омарова да қатысты.
Аудандық аналар кеңесін басқаратын Балжан Омарова отбасы құндылықтарын нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарға белсене араласып келеді.
«Қазақ қоғамында отбасы – қашанда басты құндылықтардың бірі. Бала, ата-ана, ата-баба – бәрі бір-бірімен сабақтас. Біз салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеміз. Тарихымыздағы талай маңызды кезеңді ел болып, бірлігімізді сақтай отырып еңсердік. Қазір өзіміз де, балаларымыз да Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды кезеңдеміз. Жаңа Конституция қабылданды, енді Құрылтай депутаттарын сайлап жатырмыз. Сондықтан тарихи маңызы бар бұл оқиғаға әр азаматтың міндетті түрде қатысқаны жөн», – деді Балжан Омарова.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Алматы облысында барлығы 683 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Өңірде миллионнан астам тұрғынның дауыс беруге құқығы бар.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   151
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   108
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   105
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   96
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.