Воскресенье, 23 Августа 2026

Алматы облысында «Қазақстан Барысы» жеңімпазы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алматы облысында «Қазақстан Барысы» жеңімпазы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Белгілі қазақ палуаны Руслан Әбдіразаков Құрылтай депутаттарын сайлау аясында дауыс берді. Ол өз таңдауын Қонаев қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде жасады. Республикалық және халықаралық жарыстарда қазақ күресінің намысын қорғап жүрген спортшы үшін елдің қоғамдық өміріне қатысу маңызды.
«Бүгін сайлау учаскесіне келдім. Өйткені сайлауға қатысу әр азаматтың маңызды борышы деп есептеймін. Біздің таңдауымыз елдің болашағына, балаларымыздың қандай ортада өмір сүріп, өсетініне әсер етеді. Спортшы ретінде өз таңдауым мен оның нәтижесіне жауапкершілікпен қарауға дағдыланғанмын. Өмірде де осы қағиданы ұстанып, ел үшін маңызды оқиғалардан шет қалмай, белсенді қатысу қажет деп ойлаймын», – деді Руслан Әбдіразаков.
Бүгінде спортшы қазақ спортындағы танымал тұлғалардың бірі әрі жас ұрпаққа үлгі болып келеді. Оның жетістіктері күнделікті еңбек, тәртіп, қарсыласқа құрмет және мақсатқа деген жауапкершіліктің нәтижесі екенін анық.
Руслан Әбдіразаков ұлттық күрес жанкүйерлеріне жақсы таныс. Оның спорттағы жолы елдегі ең беделді жарыстардың бірі – «Қазақстан Барысымен» тығыз байланысты. Палуан бұл додада бірнеше рет үздіктер қатарынан көрінді. 2014 жылы турнирдің қола жүлдесін иеленсе, 2015 жылы күміс жүлдегер атанды. 2017 жылы «Алматы Барысы» турнирінде жеңімпаз болды. 2019 жылы спортшы «Қазақстан Барысы» турнирінде тағы да жүлдеге ілігіп, қола медальді жеңіп алды. Үшінші орын үшін болған шешуші белдесуде Айбат Сейтенді ұтты. Спорттағы жолында ол күш, төзімділік, тәртіп және нақты нәтижеге ұмтылысты басты қағида етті. Осы қасиеттер оның спорттағы жетістіктерінен ғана емес, азаматтық ұстанымынан да көрініс табады.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

Депутаты маслихата проявили гражданскую активность

Депутаты маслихата проявили гражданскую активность

Депутаты городского маслихата Алатау вместе с пред...

  23.08.2026   20
Проголосовали – потом на сенокос. Как жители Алматинской области совместили заготовку сена с выборами

Проголосовали – потом на сенокос. Как жители Алматинской области совместили заготовку сена с выборами

Утро на избирательном участке №910 Дардамтинского...

  23.08.2026   5
Дауыс берді, кейін шөп шабуға аттанды: Алматы облысының тұрғындары сайлауды науқандық жұмыспен ұштастырды

Дауыс берді, кейін шөп шабуға аттанды: Алматы облысының тұрғындары сайлауды науқандық жұмыспен ұштастырды

Дардамты ауылдық округіндегі №910 сайлау учаскесін...

  23.08.2026   15
ПЕРВЫЙ ВЫБОР МОЛОДОЙ СЕМЬИ

ПЕРВЫЙ ВЫБОР МОЛОДОЙ СЕМЬИ

Молодая семья Нурлана Канатулы и Тогжан Бактияркыз...

  23.08.2026   31
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.