Воскресенье, 23 Августа 2026

Алматы облысының тұрғыны сайлау учаскелерінің ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолжетімділігін тексерді

Алматы облысының тұрғыны сайлау учаскелерінің ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолжетімділігін тексерді

Құрылтай депутаттарын сайлау күні еліміздегі сайлау учаскелерінде 90 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар азамат дауыс береді деп күтілуде. Сондықтан олар үшін қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі.
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғыны Светлана Зеленская сайлау учаскелерінің қолжетімділігін өз көзімен көріп, бағалады. Ол №120 сайлау учаскесіне инватаксимен келді.
«Мен сайлауға алғаш рет қатысып тұрған жоқпын. Бұған дейін Мемлекет басшысын, Парламент депутаттарын сайлауда және референдумда дауыс бердім. Әр дауыс маңызды деп санаймын. Белсенділік таныту арқылы еліміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға таксиден бастап, көмекке шақыру батырмалары мен тұтқаларға дейін барлық қолайлы жағдай жасалғанын атап өткен жөн»,– деді Светлана Зеленская.
Ол сайлау учаскесінде пандустардың, арнайы дауыс беру кабиналарының және ерекше қажеттілігі бар, оның ішінде арбамен жүріп-тұратын азаматтарға бейімделген ақпараттық стендтердің бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, арнайы мониторинг топтары сайлау учаскелерінің ерекше жандарға қолжетімділігін тексерді. Мамандар олардың учаскеге өздігінен кіріп-шығып, ғимарат ішінде еркін қозғалып, дауыс бере алу мүмкіндігін бағалады.
Атап айтқанда, пандустар мен тұтқалардың болуы және олардың жағдайы, көмекке шақыру түймелері, арнайы автотұрақ пен арбамен жүріп, бұрылуға ыңғайлы алаңдар тексерілді. Басқа да кедергілердің алды алынып, табалдырықтардың қолайлы болуына, санитарлық бөлмелердің қолжетімділігіне назар аударылды. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің барлығы жойылды. Сайлау учаскелері барлық азаматтарды қабылдауға дайын.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

На выборы – под рев моторов

На выборы – под рев моторов

Необычной компанией на избирательный участок №949...

  23.08.2026   5
Аким Алматинской области Марат Султангазиев проголосовал на выборах депутатов в Курултай

Аким Алматинской области Марат Султангазиев проголосовал на выборах депутатов в Курултай

Аким Алматинской области Марат Султангазиев прогол...

  23.08.2026   45
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қ...

  23.08.2026   49
Командный дух - и на футбольном поле, и на выборах

Командный дух - и на футбольном поле, и на выборах

На избирательный участок №955 в микрорайоне Арна п...

  23.08.2026   60
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.