Воскресенье, 23 Августа 2026

Аспаннан сайлау учаскесіне: Іле ауданында парашютші жұртты таңғалдырды

Аспаннан сайлау учаскесіне: Іле ауданында парашютші жұртты таңғалдырды

Іле ауданында Құрылтай сайлауы күні ерекше акция өтті. Ұшақтан секірген парашютшы сайлау учаскесіне қонып, өз таңдауын жасады. Бұл ерекше қадам – ел болашағына деген биік мақсаттар мен азаматтық белсенділіктің жаңа символы.

Аспанда парашютшінің пайда болуы сайлау учаскесіне жиналғандар үшін күтпеген жағдай болды. Тұрғындар бірнеше минут бойы оның әуеден төмендегенін бақылап, белгіленген жерге қонуын тамашалады.

Ерекше акцияны жүзеге асырған — запастағы офицер, парашюттік даярлық буынының командирі және тандем-нұсқаушы Тимофей Меркулов.

Ол парашют спортымен кәсіби деңгейде айналысады. Ол бұған дейін Мысырдағы әйгілі пирамидалар маңына қонған алғашқы қазақстандық спортшы атанған. Сондай-ақ Эльбрусқа парашютпен секіріп, АҚШ-та ұйымдастырылған халықаралық 100-way формациясына қатысқан. Оның еншісінде түрлі үлгідегі парашюттермен жасалған 1700-ден астам секіру бар.

Тимофей Меркуловтың айтуынша, бұл жолғы секіру спорттық көрсетіліммен ғана шектелмейді. Ол осындай тәсілмен авиация мен парашют спортына қызығушылықты арттырумен қатар, елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға назар аударуды көздеген.

«Жақында өңірде “Байсерке аспаны” авиациялық фестивалі өтті. Ол авиация мен парашют спортына деген қызығушылықтың жоғары екенін тағы бір көрсетті. Бүгін осы тақырыпты ерекше форматта жалғастырып, сайлау учаскесінің маңына секіруді ұйғардық. Осы арқылы авиацияға, парашют спортына және еліміз үшін маңызды оқиға Құрылтай сайлауына назар аударғымыз келді. Мен үшін дауыс беруге қатысу азаматтық міндет. Әр адам өз таңдауын өзі жасайды және сол үшін жауап береді», - деді ол.

Парашютшінің қонуы дауыс беруге келген тұрғындардың назарын аударды. Бірі тосын көріністі телефонға түсірсе, енді бірі спортшының жерге қонған сәтін бақылау үшін аялдады. Артынша тұрғындар сайлау учаскесіне кіріп, дауыс беруге қатысты.

Осылайша, Іле ауданындағы Құрылтай сайлауы дәстүрлі дауыс беру рәсімімен қатар, ерекше авиациялық акциямен де есте қалды.

Другие новости

ЖИТЕЛЬ КАРАСАЙСКОГО РАЙОНА ПРИТЕЛ НА ВОЗДУШНОМ ШАРЕ НА ВЫБОРЫ

ЖИТЕЛЬ КАРАСАЙСКОГО РАЙОНА ПРИТЕЛ НА ВОЗДУШНОМ ШАРЕ НА ВЫБОРЫ

В Карасайском районе в день голосования семья прив...

  23.08.2026   1
В Илийском районе к 23 августа испекли тематический торт

В Илийском районе к 23 августа испекли тематический торт

Обычно важные даты остаются на календаре. В кафе «...

  23.08.2026   37
Песни и музыка объединили жителей Алатау

Песни и музыка объединили жителей Алатау

На избирательных участках №374 и №1030 в городе Ал...

  23.08.2026   42
Өз таңдауын жасады

Өз таңдауын жасады

Бүгін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қа...

  23.08.2026   41
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.