Воскресенье, 23 Августа 2026

ӨТЕГЕН БАТЫРДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДА БАҚ СЫНАДЫ

ӨТЕГЕН БАТЫРДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДА БАҚ СЫНАДЫ

Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы ересек тұрғындар мен  жеткіншектер ұлттық ойын ойнап, еліміздің болашағы ұлттық тәрбиеде екендігін көрсетті. Бірі асықтың сақасын көздесе, бірі тоғызқұмалақта келесі жүрісін есептеді, енді бірі арқан тартыста командасына күш қосты. Енді бірі шахмат пен дойбы ойыны арқылы стратегиялық ойлау жүйесі мықты екенін көрсетті.
№349-350 сайлау учаскелерінің маңы бірнеше буынның басын қосқан ұлттық ойындар алаңына айналды. Мұнда асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, арқан тартыс, сондай-ақ шахмат пен дойбыдан сайыстар ұйымдастырылып, шараға ауыл тұрғындары мен 100-ге жуық бала қатысты.
Ойындарда балалардың қабілеті мен ептілігі жан-жақты сыналды: 
•    Асық атуда — мергендік пен көзжұмбайлық;
•    Бес таста — шапшаңдық пен ептілік;
•    Тоғызқұмалақ пен шахматта — логикалық есеп пен стратегия;
•    Арқан тартыста — физикалық күш пен командалық үйлесім.
Ойын алаңында жас ерекшелігіне қарай шектеу болған жоқ: балалармен қатар ересектер де балалық шаққа саяхат жасап, сайыстарға белсене араласты. Ұлттық ойындар – тек жарыс емес, күнделікті тұрмыста ұмытылып бара жатқан дәстүрді жаңғыртудың тамаша мүмкіндігі. Бұл жолы асық пен бес тас сөредегі жәдігер емес, жас ұрпақтың қолындағы тірі ойынға айналды. Дәстүрдің сабақтастығы үшін асықты қолға алып, ойынды бастау жеткілікті екенін бұл шара тағы бір рет дәлелдеді.

Другие новости

Ярмарки в день выборов

Ярмарки в день выборов

В Енбекшиказахском районе возле избирательных учас...

  23.08.2026   8
Сайлау учаскесіне спорт көлігімен келді: Алматы облысында дрифт-шоу ұйымдастырылды

Сайлау учаскесіне спорт көлігімен келді: Алматы облысында дрифт-шоу ұйымдастырылды

Қонаев қаласында Орталық Азия дрифт-шоуының 4-кезе...

  23.08.2026   7
На избирательный участок с ветерком: дрифт-шоу устроили в Алматинской области

На избирательный участок с ветерком: дрифт-шоу устроили в Алматинской области

В городе Қонаев участники 4-го этапа Центрально-аз...

  23.08.2026   6
Ветеран труда сделал свой выбор

Ветеран труда сделал свой выбор

Свой гражданский выбор на выборах депутатов Курулт...

  23.08.2026   33
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.