Четверг, 08 Октября 2026

Алматы облысында Қазақстан көшесінің 100-ден астам тұрғыны сайлау учаскесіне бірге келді

Алматы облысында Қазақстан көшесінің 100-ден астам тұрғыны сайлау учаскесіне бірге келді

Бір көше – бір таңдау. Шеңгелді ауылындағы Қазақстан көшесінің 100-ден астам тұрғыны сайлау учаскесіне бірге келіп, дауыс берді. Олардың қатарында балабақша тәрбиешісі, көпбалалы ана Альфия Долданова да өз таңдауын жасады.

«Бүгін біз бүкіл көше болып, дауыс беруге бірге келдік. Бұл – еліміздің болашағына бейжай қарамайтынымыздың белгісі. Балаларымыздың болашағы жарқын болып, елімізде әрдайым бейбітшілік пен береке орнасын», – деді Альфия Долданова.

Қазақстан көшесінің тұрғындары үшін дауыс беру сәті ерекше көңіл күйде өтті. Аға буынмен қатар жастар да белсенділік танытып, сайлауға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Олар дауыс беру қорытындысын да бүкіл көше болып бірге асыға күтетінін айтуда.

Айта кетейік, Шеңгелді ауылдық округінде 5 361 сайлаушы тіркелген. Ал Алматы облысында барлығы 683 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Өңірдегі 1 042 987 азаматтың дауыс беруге құқығы бар. Оның ішінде кәмелет жасына толған 14 104 азамат сайлауға алғаш рет қатысу құқығына ие болды.

Облыстағы барлық сайлау учаскесі қажетті материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген. Дауыс беру барысын халықаралық байқаушылар бақылап отыр. Орталық сайлау комиссиясы 42 шет мемлекет пен 13 халықаралық ұйымның атынан келген 777 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   78
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   71
Омбудсмен в новой Конституции

Омбудсмен в новой Конституции

Новая Конституция закрепляет место уполномоченного...

  08.10.2026   76
Образование, труд и участие

Образование, труд и участие

Новая Конституция напрямую касается молодых казахс...

  08.10.2026   66
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.