Среда, 07 Октября 2026

Сайлау учаскесіне спорт көлігімен келді: Алматы облысында дрифт-шоу ұйымдастырылды

Сайлау учаскесіне спорт көлігімен келді: Алматы облысында дрифт-шоу ұйымдастырылды

Қонаев қаласында Орталық Азия дрифт-шоуының 4-кезеңіне қатысқан спортшылар Құрылтай сайлауына спорт көлігімен келіп, дауыс берді. 
Дрифт жарыстары Қонаевта жаз бойы өтті. Онда Қазақстанның әр өңірінен келген үздік дрифт-шоу спортшыларымен қатар, алыс-жақын шетелден келген қатысушылар да бақ сынады. Жеңімпаздар арасында Алматы облысының спортшылары да бар.
Төрт спортшы жақында ғана жарыс жолында болған спорт көліктерімен сайлау учаскесіне табан тіреді. Тіркеуден өткен соң, бюллетень алып, өз таңдауын жасады.


«Бүгінде «ASP Arena» – республикадағы ең танымал спорт алаңдарының бірі. Мұнда жазғы және қысқы дрифт-шоулар өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен көрермен жиналады. Биыл жарыстар жаз бойы жалғасты, біз үшін маусым өте қарқынды өтті. Өзіміз облыс орталығының тұрғыны болғандықтан, бүгін сайлауға спорт көліктерімен келіп, дауыс беруді ұйғардық. Спорт өміріміздің үлкен бөлігіне айналған. Бүгін – әрбір тұрғын қатысуы тиіс маңызды күн. Сондықтан айтулы сәттен қалыс қалмай, өз парызымызды орындадық», – деді спорт көлігін тізгіндеген Петр Бородин.
Бұл күні спорттық шаралар Қонаевтың өзге де алаңдарында өтеді. Қаланың орталық алаңына әуе шары қойылып, №5 қалалық жағажайда флайборд-шоу ұйымдастыру жоспарланған. Бұл шаралар облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына арналған бағдарлама аясында өтеді.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   130
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   100
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   90
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   92
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.