Четверг, 08 Октября 2026

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ҚЫДЫР ҚОНДЫ: БАЙКЕНТТЕ АМАНТАЙ АҚСАҚАЛ ЕЛГЕ БАТА БЕРДІ

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ҚЫДЫР ҚОНДЫ: БАЙКЕНТТЕ АМАНТАЙ АҚСАҚАЛ ЕЛГЕ БАТА БЕРДІ

Қазақ «Қырықтың бірі – Қыдыр» дейді. Халық танымында Қыдыр ата – құт-берекенің, жақсылық пен молшылықтың нышаны. Аңыз-әфсаналарда ол ел аралап, жолыққан жанға ақ батасын беріп, шаңыраққа құт дарытады деген түсінік бар.
Құрылтай депутаттарын сайлау күні осы көне таным Байкент ауылындағы №415 сайлау учаскесінде ерекше көрініс тапты. Қыдыр ата кейпіндегі Бериков Амантай Ақанайұлы учаскеге келіп, тұрғындарға ақ батасын берді. Кейін өзі де дауыс берді.
Алтай көшесі, 18 мекенжайында орналасқан учаскеге келген Амантай ақсақал тұрғындармен тілдесіп, үлкенге де, кішіге де жылы лебізін білдірді. Дауыс беруге келген азаматтарға, әр отбасы мен тұтас елге амандық, тыныштық пен береке тіледі.
«Елімізде татулық пен келісім болсын, ел бірлігі нығайсын. Әр отбасына береке мен молшылық келсін, шаңырақтарыңыз аман болсын!» – деп бата берді Амантай Ақанайұлы.
Қыдыр ата кейпіндегі ақсақалды учаскеге келген тұрғындар да ерекше ықыласпен қарсы алды. Бірі батасын алса, енді бірі онымен естелік суретке түсті. Көпшілік бұл сәтті жақсылықтың нышаны ретінде қабылдады.
Қазақ дүниетанымында Қыдырдың келуі – құттың келуімен байланыстырылады. Ал Байкенттегі бұл көрініс ғасырлардан жеткен ұлттық таным мен бүгінгі қоғамдық өмірді бір сәтте тоғыстырды.
Бір жағында – азаматтардың таңдауы, екінші жағында – ақсақалдың ақ батасы. Осылайша, №415 сайлау учаскесіндегі күн Байкент тұрғындарының есінде «Қыдыр қонған» ерекше сәтпен қалды.

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   160
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   113
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   111
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   98
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.