Четверг, 08 Октября 2026

«Тақиялы періште» кейіпкерлері сайлау учаскесінде

«Тақиялы періште» кейіпкерлері сайлау учаскесінде

23 тамыз күні Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батыр көшесі, №6Г мекенжайында орналасқан №271 сайлау учаскесінде ерекше көрініс орын алды.
Сайлау учаскесіне ауданға танымал мәдениет үйінің маманы Алтай Асқаров пен Бибінұр Жылқыбаева қазақ киносының көрермен жүрегінен орын алған «Тақиялы періште» көркем фильмінің кейіпкерлері — Анасы мен Тайлақтың бейнесінде келіп, өз таңдауларын жасады.
Көпшілікке жақсы таныс фильм кейіпкерлерінің бейнесіндегі ана мен баланың ерекше келбеті сайлау учаскесіне келген тұрғындардың назарын аударып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.      Бұл бастама халқымыздың кино өнері мен ұлттық мәдениетіне деген құрметтің көрінісі болды.
Бірнеше ұрпаққа таныс фильм кейіпкерлерін бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, Алтай Асқаров пен Бибінұр Жылқыбаева қоғамдық маңызы бар шараға өзіндік сән қосты. Ана мен баланың бірге келіп, өз таңдауларын жасауы отбасылық құндылықтар мен азаматтық белсенділіктің үйлесімін көрсетті.
Сайлау учаскесіндегі бұл ерекше көрініс тұрғындардың қызығушылығын оятып, жылы әсер сыйлады. «Тақиялы періште» кейіпкерлері бұл күні кино экранынан емес, өмірден көрініп, №271 сайлау учаскесіндегі есте қаларлық сәттердің біріне айналды.

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   157
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   111
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   109
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   97
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.