Четверг, 08 Октября 2026

Құрылтай: Қонаевта 40-қа жуық байкер мотошеру ұйымдастырды

Құрылтай: Қонаевта 40-қа жуық байкер мотошеру ұйымдастырды

Қонаевта Құрылтай сайлауы ерекше форматта өтіп жатыр. Қаланың орталық көшелерімен 40-қа жуық мотоциклден құралған колонна жүріп өтіп, тұрғындарға нағыз мотошоу сыйлады.

Құлақты қаққан мотор үні, сап түзеген темір тұлпарлар, желмен желбіреген Қазақстанның Мемлекеттік туы мен «Құрылтай» жазуы бар жалаулар – қала көшелеріндегі осы көрініс көпшіліктің назарын бірден аударды.

Мотошеруге «Тұлпар» ретрокөліктер салонының иегері, кәсіпкер Мұрат Сергібаев пен қала тұрғындары қатысты.

Алайда бұл шеру тек шоу үшін ұйымдастырылған жоқ. Байкерлердің басты мақсаты – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға өзіндік форматта үн қосу. Мотошеруден кейін қатысушылар сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

«Бүгінгі күнді ерекше өткізгіміз келді. Біз үшін мотоцикл – жай ғана көлік емес, ортақ қызығушылық пен еркіндіктің символы. Ал бүгін біз осы сүйікті ісімізді азаматтық ұстанымымызбен ұштастырдық. Көк байрағымызды алып, қала көшелерімен бірге жүріп өттік. Ең бастысы – сайлауға қатысып, өз таңдауымызды жасадық», – деді Мұрат Сіргебаев.
Естеріңізге салайық, қалада әуе шары қойылып, флайборд-шоу да өтуде.


Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   159
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   112
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   110
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   97
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.