Четверг, 08 Октября 2026

Сайлаудағы сүйінші жаңалық: Алатау қаласында отбасы гендер-пати ұйымдастырды

Сайлаудағы сүйінші жаңалық: Алатау қаласында отбасы гендер-пати ұйымдастырды

Құрылтай депутаттарын сайлау күні Алатау қаласындағы отбасы бірден екі маңызды оқиғаны ұштастырды. Дауыс бергеннен кейін екінші сәбиін күтіп жүрген Елдар Оспан мен Айшагүл Жананұрға арналған гендер-пати ұйымдастырылды.
Алдымен олар жақындарымен бірге сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Кейін болашақ сәбиінің жынысын біліп, қуанышты жаңалықты жақындарымен бөлісті.
Осылайша дауыс беру күні отбасылық мерекеге ұласты. Жақындары болашақ сәбиге зор денсаулық, бақытты тағдыр мен жарқын ғұмыр, ал ата-анасына амандық пен қуаныш тіледі.
«Бүгін алдымен азаматтық борышымызды орындап, дауыс бердік. Одан кейін отбасымыз үшін маңызды әрі қуанышты сәтті бірге атап өттік. Болашақ сәбиіміздің аман-есен дүниеге келуін тілейміз», – деді Елдар мен Айшагүлдің жақындары.
Отбасы қос бірдей маңызды оқиғаны – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы мен сәбидің өмір есігін ашуға аз қалған сәтін ұштастыра отырып, жылы естеліктерге толы оқиғаны көңіл төріне бекітті.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   78
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   71
Омбудсмен в новой Конституции

Омбудсмен в новой Конституции

Новая Конституция закрепляет место уполномоченного...

  08.10.2026   76
Образование, труд и участие

Образование, труд и участие

Новая Конституция напрямую касается молодых казахс...

  08.10.2026   66
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.