Четверг, 08 Октября 2026

Ғасыр жасаған әже дауыс берді

Ғасыр жасаған әже дауыс берді

Бүгінгі Құрылтай депутаттарының сайлауында 104 жастағы Тыл ардагері Күлпара Шортанова өз таңдауын жасады. Ғасырдан астам ғұмыр кешіп, елмен бірге талай тарихи кезеңді өткерген ақ жаулықты ана Алматы облысындағы Кеген ауданында тұрады. Жасы жүзден асса да саяси науқанда белсенділік танытқан кейуана Ұзынбұлақ ауылындағы үйінде дауыс берді. 
Ғасыр куәсі болған Күлпара әже ел болашағына бейжай қарамай, немере-шөберелерінің жарқын келешегі үшін өз таңдауын жасады. Оның сайлауға қатысуы – жас ұрпаққа өнеге, ел тағдырына деген жауапкершілік пен азаматтық парыздың айқын көрінісі.
Бұл күні бір әулеттің төрт буынының өкілдері дауыс берді. 104 жастағы Күлпара Шортановамен бірге оның 86 жастағы ұлы Марат, 51 жастағы немересі Олжас, 26 жастағы немересі Бейбіт және 19 жастағы шөбересі Бақтияр өз таңдауын жасады.
Бір әулеттің бірнеше буынының сайлауға бірге қатысуы – ұрпақтар сабақтастығының, отбасы бірлігі мен ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Ғасыр жасаған ананың азаматтық ұстанымы кейінгі буынға үлгі болып, елдік мәселеге әр азаматтың таңдауы маңызды екенін көрсетті.
Күлпара әженің ғибратты ғұмыры – бір ғасырдан астам уақыттың, талай тарихи кезең мен қоғамдық өзгерістің куәсі болған тағылымды өмір жолы. Бүгінде де ол ел өмірінен шет қалмай, өз таңдауын жасап, ұрпағына өнеге көрсетіп отыр.

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   149
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   107
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   104
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   96
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.