Четверг, 08 Октября 2026

Белсенді өмір – белсенді таңдау: Шонжының аға буын өкілдері сайлауда дауыс берді

Белсенді өмір – белсенді таңдау: Шонжының аға буын өкілдері сайлауда дауыс берді

Алматы облысының Шонжы ауылында 30-ға жуық аға буын өкілі скандинавиялық жүріске арналған таяқтарын ұстап, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін учаскелерге бет алды.
Олардың барлығы – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері. Күнделікті серуен мен белсенді қимыл-қозғалыс олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Сайлау күні олар әдеттегі бағытын өзгертіп, соңғы аялдамасын сайлау учаскесі ретінде белгіледі.
Қатысушылардың бірі – Иса Әділхан апамыз. Ол ұзақ жыл еңбек етіп, жұмысын отбасындағы бала тәрбиесімен тең ұстаған. Егде жасына қарамастан, ол туған өңірінің қоғамдық өміріне белсенді араласып, ел болашағына қатысты маңызды оқиғалардан шет қалмауды жөн санайды.
«Мен ұзақ ғұмыр кештім және бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Бүгін дауыс беруге азаматтық борышым деп санағандықтан келдім. Еліміздің қарқынды дамып, жас ұрпақтың тыныштықта өмір сүргенін, білім алып, еңбек етіп, жарқын болашаққа қадам басқанын қалаймын», – деді Иса Әділхан.
Орталықтағы қарттар жас ұлғайған сайын қоғамдық өмірден шет қалудың қажеті жоқ екенін айтады. Олар күнделікті дене шынықтырып, жиі бас қосып, аудандық іс-шаралардан қалыс қалмайды. Ал сайлау күні жастарға азаматтық жауапкершіліктің маңызын насихаттауды ұйғарды.
Дауыс бергеннен кейін аға буын өкілдері журналистермен әңгімелесіп, еңбек жылдарын еске алды, өңір дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Олар жастарды білімге ұмтылып, адал еңбек етуге, туған жерді ардақтап, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.


Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   151
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   108
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   105
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   96
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.