Суббота, 10 Октября 2026

Іле ауданының мақтанышы: Жансая Ержан – екі дүркін Азия чемпионы

Іле ауданының мақтанышы: Жансая Ержан – екі дүркін Азия чемпионы

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов бокстан жасөспірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы атанған ауданымыздың жас спортшысы Жансая Ержанды қабылдады.
Жансая Нұрланқызы Ержан 2011 жылы 17 желтоқсанда Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген. 5 жасында Ақши ауылындағы №8 орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, білім жолын туған ауылында бастаған. 12 жасынан бастап бокспен тұрақты түрде шұғылданып келеді.
Жас спортшының алғашқы ірі жетістіктерінің бірі – 2024 жылы бокстан Алматы облысының чемпионы атануы. Осы жеңіс оған республикалық чемпионатқа жолдама берді.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап Жансая Алматы қаласы Шаңырақ шағынауданында орналасқан Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатына қабылданды. Сол жылы Шымкент қаласында өткен жарыста Республика чемпионы атанып, кейін Иорданияның Амман қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Ал 2026 жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, финалда Үндістан өкілі Ваника Ванишканы жеңді. Осылайша Жансая Ержан бокстан жасөспірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы атанды.
Аудан басшысы жас чемпионды жеңісімен құттықтап, оның табандылығы мен еңбегі Іле ауданы жастарына үлгі екенін атап өтті.
Жансаяның әкесі Ержанов Нұрлан мен анасы Сәрсенғалиева Ардақ – үш бала тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы.
Бүгін Жансая – тек Іле ауданының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Оның жеңісі – еңбек, тәртіп пен сенімнің нәтижесі.

Другие новости

Итоги Азиады в Японии

Итоги Азиады в Японии

Летние Азиатские игры 2026 года в префектуре Айти...

  09.10.2026   120
Тренер с большим сердцем

Тренер с большим сердцем

Федерация спортсменов-инвалидов «Жігер-М», созданн...

  09.10.2026   126
Карасайцы готовятся к V летним Азиатским пара играм

Карасайцы готовятся к V летним Азиатским пара играм

Три карасайские спортсменки готовятся к участию в...

  09.10.2026   143
Алматы облысында «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі өтті

Алматы облысында «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі өтті

Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың...

  08.10.2026   200
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.