Среда, 07 Октября 2026

Әлиманов Есенжол Мұхамбетұлын еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасында республикалық ашық турнир

Әлиманов Есенжол Мұхамбетұлын еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасында республикалық ашық турнир

Алматы облысы Талғар ауданы №2 БЖСМ спорт залында, КСРО спорт шебері Алиманов Есенжол Мухамбетұлын еске алуға арналған жастар арасында грек-рим күресінен республикалық ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Талғар ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекбосынов Матан Рахымбергенұлы, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресінің вице-президенті Жабасов Даурен Еркінұлы, Алматы облысы күрес федерациясының президенті Кузембаев Дамир Сабитұлы, Алматы облысы спорт басқарма басшысының орынбасары Рахман мырза, Алматы облысының бұқаралық -спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Ержан Мұратұлы, Талғар ауданының бұқаралық -спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Бусурманов Жандос Аянбекұлы, Талғар ауданының №2 БЖСМ директоры Айгуль Оралбековна, Талғар ауданының №1 БЖСМ  директоры грек-рим күресінен Азия чемпионы Асылжан Жақыпұлы, Талғар аудандық күрес федерациясының вице-президенті Алишер Сұлтанмұратұлы қатысты.Іс-шара барысында спорттың дамуына орасан зор өз үлестерін қосып жүрген ел ағаларына Кузембаев Дамир Сабитұлы арнайы құттықтап, Алматы облысының федерациясы атынан төс белгілер тақты. Соның ішінде Талғар ауданының бұқаралық -спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Жандос Аянбекұлына да тағылды. Жарысқа бірнеше мемлекеттен боз кілемнің хас шеберлері жиналды. РФ-сы, Қырғызстан, Өзбекстан, Таджикистан сияқты мемлекеттерден мен-мен деген балуандар шақырылды. Жарысты Алиманов Есенжол Мухамбетұлының туған-туыстары, немерелері ұйымдастыруда. Сонымен қатар, Алиманов Есенжол Мухамбетұлын еске алуға арналған үлкен асы Құран бағышталынып құдай тамағы берілді.

Другие новости

По маршруту милосердия

По маршруту милосердия

В последние годы предприниматели все чаще совмещаю...

  07.10.2026   3
В преддверии отопительного сезона

В преддверии отопительного сезона

В рамках подготовки к отопительному сезону сотрудн...

  07.10.2026   6
Мечты сбываются, если захотеть

Мечты сбываются, если захотеть

С детства каскеленка Айнур Каби очень любила танце...

  07.10.2026   9
В социальных объектах Алматинской области начали подавать тепло

В социальных объектах Алматинской области начали подавать тепло

В связи со снижением температуры воздуха в горных...

  07.10.2026   66
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.