Четверг, 08 Октября 2026

"Менің елім - Менің туым!" акциясы Қонаев қаласында жалғасты

25 қазан - Республика күніне орай, еліміздің аумақтарында "Менің елім - Менің туым!" акциясы өтіп жатыр.

Бүгін бұл науқан Қонаев қаласында жалғасын тапты. Қала жастары Іле өзенінің бойында орналасқан "Тамғалы тас" шатқалына барып, бейнежазба түсірді.

Шараға таңнан дайындалып, белсене қатысқан жастың бірі - Ақерке Мақсатқызы. Ол мұндай науқандарға қатысу әр қазақстандықтың парызы деген пікірде.

"Тамғалы таста акция өткізу үшін 100-ге жуық жас жиналдық. Негізінен әр қазақстандық елі үшін қызмет етіп, айтулы мерекелерді құрметтеп, тойлатуы тиіс деп ойлаймын. Көк тудың көк аспанда қалықтап тұрғаны әрқашан бойымызға мақтаныш сезімін ұялатады. Сондықтан бұл акцияның бірлікке, татулыққа, патриоттыққа үндеуде маңызы зор", - деді ол.

Жалпы бүгін Тамғалы таста 15 байрақ көкке көтерілді. Ертең Қонаев қаласында 1000-нан астам адамның қатысуымен тағы бір науқан өтпек. 

Айта кетейік, 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.

#RepublicDay
#kzdayrepublic
#РеспубликаКүні

Другие новости

Вторая жизнь старых шин

Вторая жизнь старых шин

Отслужившая свой срок автомобильная покрышка обычн...

  07.10.2026   103
По маршруту милосердия

По маршруту милосердия

В последние годы предприниматели все чаще совмещаю...

  07.10.2026   107
В преддверии отопительного сезона

В преддверии отопительного сезона

В рамках подготовки к отопительному сезону сотрудн...

  07.10.2026   112
Мечты сбываются, если захотеть

Мечты сбываются, если захотеть

С детства каскеленка Айнур Каби очень любила танце...

  07.10.2026   108
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.