Пятница, 13 Февраля 2026

Республика күні құтты болсын!

Республика күні құтты болсын!

Жарқырап жанған күндей азаттығы,  
 Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.  
 Республика күнімен құттықтаймын, 
 Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!  

Республика күні құтты болсын! 
Қазақстан Тәуелсіздік алуына жол салған Республика күні. Республика күнінде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір Қазақстан азаматының кеудесін мақтаныш кернеп, еліне деген сүйіспеншілігі жүзінен байқалатын күн. 
Еліміздің еңсесі көтерілді, өзінің шекарасы бар, тілі мен діні бар, салт-дәстүрлері қалыптасқан, Ата заңы үн қосқан, Әнұраны шырқалып, Елтаңбасы төрден орын алып, көк байрағы көгінде желбіреп тұр. Бір сөзбен айтқанда төрт құбыламыз тең. Осы күнге жеткізген Жаратқанға мың алғыс айтамыз! Тәуелсіздіктің ақ таңынын шырайлы атып, күн күлімдеп нұрын шашарын сақтап қалу үшін, айымыз жарық, жұлдызымыз аспанымызда жарқырап тұру үшін еліміздің ынтамағы мен бірлігін сақтауымыз керек. 
25 қазан, Республика күні құтты болсын! Ел іргесі мықты болсын! Жүзіміз жарық болсын. Күн нұрындай болып жанымызды жадырата түскен Республика күні елімізге қуанышы мен қызықты сәттерін сыйлай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Жанна Қырғызалықызы 
Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы, Алматы облысының Қоғамдық Кеңес мүшесі.

Другие новости

Сила – в каждом из нас

Сила – в каждом из нас

В городском Доме культуры города Қонаев прошел фор...

  11.02.2026   175
Лучшие педагоги  из Шелека и Есика

Лучшие педагоги из Шелека и Есика

Областной этап конкурса профессионального мастерст...

  11.02.2026   193
Акцент -  на экономии воды

Акцент - на экономии воды

В этом году в Алматинской области сократят посевы...

  11.02.2026   180
Теплый бизнес  из Каргалы

Теплый бизнес из Каргалы

Газификация сельских населенных пунктов не только...

  11.02.2026   194
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.