Суббота, 10 Октября 2026

AMANAT: 100 ЕТЖ – ауылдағы медицина мамандарына арналған жаңа көтерме жәрдемақы

AMANAT: 100 ЕТЖ – ауылдағы медицина мамандарына арналған жаңа көтерме жәрдемақы

Бұл норма партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау аясында қабылданды

Бүгін Парламент Мәжілісі екінші оқылымда денсаулық сақтау мәселелері туралы заң қабылдады. Ол ауылдағы медицина мамандарына жаңа көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Оның көлемі 100 ең төменгі жалақыны (8,5 млн теңге) құрайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Үкімет «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары-мүшелерімен бірлесіп әзірледі.

«Көптеген ауыл тұрғыны медициналық көмек алу үшін әлі күнге дейін ондаған, жүздеген шақырым жол жүруге мәжбүр... Ауылдағы медицина мамандарына көтерме жәрдемақыны 10 миллион теңгеге дейін арттыру қамтамасыз етіледі. Бұл ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді», – делінген сайлауалды бағдарламада.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде ауылдағы медицина мамандарының тапшылығы мәселесі партиялықтардың сайлаушылармен барлық-дерлік кездесуінде көтерілді. Сондықтан бұл тармақ сайлауалды бағдарламада көрініс тауып, жүзеге асырылуда. Заң мәтінінде көтерме жәрдемақы мөлшері 100 ЕТЖ мөлшерінде көрсетілді. Алайда, ең төменгі жалақы мөлшері жыл сайын өсетіндіктен, көтерме жәрдемақы мөлшері де өсіп отырады деген сөз. Биыл оның көлемі 8,5 млн теңгені құрап отыр.

Сондай-ақ, заң медицина қызметкерінің Қазақстан Республикасы алдындағы ерен еңбегі мен ерекше жетістігі үшін 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем ұсына отырып, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» жаңа құрметті атағын тағайындауды көздейді. Сондай-ақ, «Мамандық бойынша үздік» республикалық конкурсы өткізіледі. Оның жеңімпаздарына 500 АЕК мөлшерінде біржолғы ынталандыру сыйақысы табысталады.

Өзге де заңнамалық жаңашылдықтар: ата-аналары кәсіби міндетін орындау кезінде қайтыс болған балаларға білім гранттарын беру; медицина қызметкерлерінің балаларын балабақшаға орналастыру кезінде басым құқық беру және тағы басқалар.

Бұдан әрі заң жобасы Сенатқа келіп түсіп, Парламенттің жоғарғы палатасында қаралғаннан кейін Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. Заң Президент қол қойған күннен бастап 6 ай өткен соң күшіне енеді.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі​.

Другие новости

Халық қатысатын бюджет: теміржол көпірінің аумағы абаттандырылуда

Халық қатысатын бюджет: теміржол көпірінің аумағы абаттандырылуда

Қонаев қаласында тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңі...

  09.10.2026   148
Цифровая грамотность — требование нового времени

Цифровая грамотность — требование нового времени

Еще недавно искусственный интеллект воспринимался...

  09.10.2026   124
ИИ используют там, где он действительно нужен

ИИ используют там, где он действительно нужен

Цифровизация государственных услуг продолжается, и...

  09.10.2026   116
Новые сервисы сокращают время обработки информации

Новые сервисы сокращают время обработки информации

Работа с обращениями граждан занимает значительную...

  09.10.2026   120
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.