Вторник, 16 Декабря 2025

Алматы облысы аумағында жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтынауқымды инвестициялық жоба – логистикалық парк ашылады

Алматы облысы аумағында жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтынауқымды инвестициялық жоба – логистикалық парк ашылады

Алматы облысында жалпы құны 70 миллиард теңгеге жуықтайтынауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. «Focus Logistics» ЖШС облыстың оңтүстік өңірінде логистикалық парк салу бойынша ірі жобаны қолға алды. Оны жүзеге асыру аймақтың логистикалық инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа мүмкіндікбереді. Жоба аясында 4500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылмақ әрі 300 000 шаршы метрден астам қойма алаңы іске қосылады. Жобаның аяқталу мерзімі 2028 жыл деп көрсетілген.

Жобаның бірінші кезеңібойынша шамамен 94 га аумақта «OZON» компаниясына арналған «А» сыныпты қойма құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы аталған қойманың іргетасын қалау рәсімі өткізілді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

Аталған логистикалық парктің Үлкен Алматы айналма жолының бойында орналасуы көптеген артықшылықтар береді. Әсіресе, тиімді жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді. Бұл стратегиялық орын негізгі магистральдарға оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді әрі басқа аймақтармен және қалалармен жеңіл байланысуға мүмкіндік береді. Осындай ыңғайлы орынның арқасында логистикалық парк тауарларды тасымалдау және таратумен айналысатын компаниялар үшін тиімді орталыққа айналады деп күтілуде.

Другие новости

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

2025 жылдың қорытындыларын талдау мақсатында Қазақ...

  15.12.2025   134
Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился

Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился

Для подведения итогов 2025 года было проведен обще...

  15.12.2025   141
Қауіпсіз Жаңа жыл: мереке қуанышқа толы болуы тиіс

Қауіпсіз Жаңа жыл: мереке қуанышқа толы болуы тиіс

Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескерте...

  14.12.2025   162
Пиротехника: мерекелік көңіл-күй – қауіпсіздіктен басталады

Пиротехника: мерекелік көңіл-күй – қауіпсіздіктен басталады

Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескерте...

  14.12.2025   154
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.