Среда, 22 Октября 2025

Алматы облысында жалпы құны 43 миллиард теңге болатын жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

Алматы облысында жалпы құны 43 миллиард теңге болатын жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

Бүгінде Іле ауданындағы «Береке» индустриялық аймағында «FRUIT ART» ЖШС экспорттық жеміс-жидек кластерінің толық өндірістік циклі жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорын ішінде сыйымдылығы 15 мың тоннаға дейін жететін жеміс сақтау қоймасы бар. Қоймадағы ауа жемістер бұзылмас үшін бақылауға алынған. Мұнда тәулігіне 200 тонна шикізатты өңдеуге қабілетті кешен жасақталған. Жеміс-жидекті мұздатып кептіру зауыты, сондай-ақ, жылыжай бар. Жылыжайда жыл бойына 1800 тоннаға дейін құлпынай өсіріледі әрі 900 тонна салат өнімдерін дайындауға болады.

Өнімдерді өндіру және өңдеу жұмысы Еуропа мен АҚШ-тың инновациялық технологиялары арқылы жүзеге асырылады. Зауыт аясында 500 тұрақты және 7500 маусымдық жұмыс орны құрылған. Аталған зауыт еліміздің алмаға деген импорттық сұранысын 5 пайызға азайтып отыр. Сонымен бірге, басқа да жеміс-жидектерден 100 пайызға импортқа тәуелділік көрсеткішін төмендетті.

Жеміс-жидек зауыты ішкі және халықаралық нарыққа өнім жеткізуді жүйелі түрде жолға қойған. Зауыттың Үлкен Алматы айналма жолына жақын жерде орналасуы логистикалық мәселелерді айтарлықтай жеңілдетеді әрі негізгі магистральдарға оңай шығуды қамтамасыз етеді.

Другие новости

Сети требуют обновления

Сети требуют обновления

В Алматы прошел тренинг для журналистов, посвященн...

  21.10.2025   138
«Republic Day Sale»: В городе Қонаев пройдет акция скидок в крупном торговом центре

«Republic Day Sale»: В городе Қонаев пройдет акция скидок в крупном торговом центре

В честь Дня Республики, в супермаркете Toimart про...

  21.10.2025   158
Фестиваль яблок состоялся в «Almaty Resort»

Фестиваль яблок состоялся в «Almaty Resort»

В «Almaty Resort» Медицинского центра Управления д...

  21.10.2025   197
Из нитей вдохновения

Из нитей вдохновения

В Талгарском районе хватает людей, сумевших превра...

  21.10.2025   162
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.