Суббота, 14 Февраля 2026

Қарасай ауданындағы Тарихи-мәдени ескертіштер аумағында – Таза Бейсенбі

Қарасай ауданындағы Тарихи-мәдени ескертіштер аумағында – Таза Бейсенбі

Ағымдағы жылдың 11 шілде айында Қарасай ауданы Қаскелең қаласы мен Қарасай ауданының барлық ауылдық округтерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акция аясында тазалық жұмыстары жүргізілді. 

Акция барысында аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер, атап айтсақ, “Наурызбай батыр” ескерткіші, “Ұлы Отан Соғысының батырлары құрметіне орнатылған” ескерткіш, “Бектенбай Косынов” ескерткіші, Ұлы Отан Соғысының батыры “Мәншүк Мәметова” ескерткіші, Ораз Жандосовтың құрметіне қойылған ескерткіш және аудандағы тағы да басқа ескерткіштердің жаны тазаланып, шөптер қырқытылып, қалпына келтірілді. 

Қарасай ауданында «Таза бейсенбі» акциясы аясында аудандық шараға жалпы 240 адам,  оның ішінде Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Amanat» партиясының Қарасай ауданы филиалы, Қарасай ауданының Жастар ресурстық орталығы, Қаскелең қаласы әкімінің аппараты, Қарасай ауданының мәдениет бөлімі, аудандағы Мәдениет үйлері, музейлер және кітапханалардың қызметкерлері белсенділік танытып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Акция барысында 8 арнайы техника жұмылдырылып, 32 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы қоқыс полигонына шығарылды. 

Тазалықты насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде тапсырма берген болатын. Мақсаты елімізді тазалыққа шақырып, өскелең ұрпаққа үлгі көрсету болып табылады. Сондай-ақ ортақ жұмыстың арқасында Қарасай ауданында тазалық жұмыстары жалғасын тауып, жалпыұлтты біріктіруге үлкен септігін тигізуде. 

Өз тілшіміз.

Другие новости

Контроль  оросительных систем

Контроль оросительных систем

Весна уже на пороге, а вместе с ней подходит и гор...

  13.02.2026   152
В Шенгельды возобновил работу пункт убоя скота

В Шенгельды возобновил работу пункт убоя скота

В Шенгельдинском сельском округе, входящем в соста...

  13.02.2026   167
Сила – в каждом из нас

Сила – в каждом из нас

В городском Доме культуры города Қонаев прошел фор...

  11.02.2026   204
Лучшие педагоги  из Шелека и Есика

Лучшие педагоги из Шелека и Есика

Областной этап конкурса профессионального мастерст...

  11.02.2026   202
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.