Четверг, 12 Февраля 2026

Алматы облысының кәсіпкері Жеңісгүл Дәулетова «Жан Шуақ» сыйлығының лауреаты атанды

Алматы облысының кәсіпкері Жеңісгүл Дәулетова «Жан Шуақ» сыйлығының лауреаты атанды

М.Түймебаев ауылының тұрғыны Жеңісгүл Дәулетова өзінің табандылығы мен ерекше шеберлігінің арқасында «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаты атанды. Ол «Кәсіпкерлік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында жеңімпаз деп танылды.

2003 жылы ауыр жол апатынан кейін арбаға таңылған Жеңісгүл Дәулетова өз кәсібін дөңгелетіп, ұлттық қолөнерді дамытуға бар күшін салып келеді. Алғашында хобби ретінде басталған ісі бүгінде оны халықаралық деңгейдегі қолөнер шебері дәрежесіне жеткізді.

Кәсіпкер ұлттық киімдер, бас киімдер, аяқ киімдер мен жүн өнімдерінен жасалатын бұйымдарын ел ішінде ғана емес, шетелдік көрмелерде де танытып жүр. 2023 жылы ол «Бір ауыл – бір өнім» республикалық жобасының финалисі атанып, Алматы облысының үздік кәсіпкерлері қатарына қосылды.

Ол 20 жыл бойы көптеген халықаралық көрмелер мен форумдарға қатысып, қоғамда белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп келеді. Жеңісгүл Дәулетова Іле ауданындағы іскер әйелдер кеңесінің төраға орынбасары және қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі ретінде де танымал.

Другие новости

Сила – в каждом из нас

Сила – в каждом из нас

В городском Доме культуры города Қонаев прошел фор...

  11.02.2026   133
Лучшие педагоги  из Шелека и Есика

Лучшие педагоги из Шелека и Есика

Областной этап конкурса профессионального мастерст...

  11.02.2026   152
Акцент -  на экономии воды

Акцент - на экономии воды

В этом году в Алматинской области сократят посевы...

  11.02.2026   139
Теплый бизнес  из Каргалы

Теплый бизнес из Каргалы

Газификация сельских населенных пунктов не только...

  11.02.2026   179
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.