Среда, 25 Февраля 2026

Арман Шаққалиев сауда желілеріне мониторинг жүргізді

Арман Шаққалиев сауда желілеріне мониторинг жүргізді

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 1 қаңтарда елордадағы сауда желілеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Ведомство басшысы ірі Small, Magnum, Анвар сауда желілерін аралады.

Сауда желілері бүгін 10:00-де өз жұмысын бастады. Алғашқы келушілердің бірі болған сауда министрі баға тұрақтылығы мен сөредегі тауарлардың қолжетімділігіне, ассортиментіне баса назар аударды.

“Біз арнайы 1-қаңтарда сауда желілерін аралап шықтық. Мақсатымыз - бүгінгі бағаның тұрақты екеніне көз жеткізу. Ешқандай өзгеріс, тапшылық жоқ. Жаңа жылдың алдында біз сауда желілерімен бірлесіп Береке fest акциясын өткіздік. Сауда желілері әлі де түрлі жеңілдіктер ұсынып жатыр. Сөреде тауар толы. Осындай тұрақты жағдай барлық сауда объектісінде болуы керек”,-деді Арман Шаққалиев.

Сауда желілерінің өкілдерімен кездескен министр бағаны тұрақты ұстауды және оны негізсіз өсірмеуді тапсырды. Сондай-ақ министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесіне бақылау жұмысы жүйелі жүргізіліп жатқанын еске салды.

Мұндай мониторинг жұмыстарын министрдің тапсырмасымен өңірлердегі сауда және тұтынушылардың құқығын  қорғау департаменттері жергілікті әкімдікпен бірлесіп белсенді жүргізіп жатыр. Айта кету керек соңғы 6 апта бойы ӘМАТ тауарларының бағасы тұрақты.

Пресс-служба Министерства торговли и интеграции РК.

Другие новости

Труд – вне зоны риска

Труд – вне зоны риска

Иллюстративное фото из архива редакции.Снижение пр...

  24.02.2026   129
Проводы зимы с блинами и танцами

Проводы зимы с блинами и танцами

В Талгарском районе в преддверии Дня благодарности...

  24.02.2026   133
Возврат средств за обучение

Возврат средств за обучение

В Департамент по защите прав потребителей обратила...

  24.02.2026   139
«Сладкое» дело с сильным характером

«Сладкое» дело с сильным характером

Когда в селе Жаналык Кайнарского сельского округа...

  24.02.2026   153
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.