Пятница, 27 Февраля 2026

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «WILO CENTRAL ASIA» ЖШС ЗАУЫТЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «WILO CENTRAL ASIA»  ЖШС ЗАУЫТЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанболат Әкебайұлы, Закиржан Пирмухамедович, Жанарбек Садықанұлы, Алматы облысы Іле ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. Іссапардың алғашқы күні халық қалаулылары Байсерке ауылында орналасқан «WILO Central Asia» компаниясында болып, ондағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

«WILO Central Asia» су жүйесін жабдықтаумен айналысатын бұл компания Іле ауданында орналасқан. Жалпы кешен 2000 шаршы метрден астам жерде орналасқан. Әрі кәріз, жылыту және ауа тазартуға арналған әр түрлі сорғылар шағарады. Салада әлем бойынша жетекші өндірушілерінің бірі санатында.

«WILO» компаниясы Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өндіріс санатындағы "Жасыл" құрылысты сертификаттаудың халықаралық жүйесінің (LEED) алтын деңгейіндегі алғашқы сертификатын алған ірі кәсіпорынның бірі болып табылады. Бұл қазақстандық мамандардың кәсібилігі мен күш - жігерінің арқасында мүмкін болды,-деп атап өтті компания өкілдері.

Сапар барысында қонақтар зауыттың негізгі өндірістік үдерістерімен, жұмыс істеп тұрған цехтармен және құрылыс жүріп жатқан нысандармен  танысты. Ерекше назар технологиялық жабдықталу деңгейіне, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, кадрлық әлеуетке және экспорттық бағыттағы қызметке аударылды.

–Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары  компанияы дамыту шаралары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын атап өтті.

– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында кәсіпорындарды қолдау және оларға қолайлы орта құру мәселелеріне ерекше басымдық берілген. Бүгінде шағын және орта бизнесте атқарылып жатқан жұмыстар осы бағдарламалық міндеттердің нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Бұл – партия, жергілікті атқарушы органдар және жауапты мекемелердің бірлескен, жүйелі жұмысының нәтижесі, – деді аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов.

Кездесу аясында өңірдегі өңдеу өнеркәсібін дамыту перспективалары, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары және билік пен өндірістік кәсіпорындар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды.

Мұндай кездесулер мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралдарын әзірлеуге, сондай-ақ Алматы облысының экономикасын дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыруға серпін береді.

Іле аудандық «AMANAT»  партиясы филиалы.

Другие новости

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығы және еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығы және еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығ...

  26.02.2026   149
Бизнес на крыльях мечты

Бизнес на крыльях мечты

В индустриальной зоне «Қайрат» в Алматинской облас...

  26.02.2026   192
Пересчитали  в пользу жителей

Пересчитали в пользу жителей

Более 243 млн тенге вернули жителям Алматинской об...

  25.02.2026   173
Труд – вне зоны риска

Труд – вне зоны риска

Иллюстративное фото из архива редакции.Снижение пр...

  24.02.2026   218
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.