Среда, 12 Августа 2026

Күнделікті тұрмыста цифрлық технологияларды қолдану

Күнделікті тұрмыста цифрлық технологияларды қолдану

​Ауыл" партиясы Алматы қаласы филиалының ұйымдастыруымен, "Ауыл" партиясы мен "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Күнделікті тұрмыста цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында "Ауыл" партиясы Жастар қанатының ардагерлермен кездесуі өтті. Кездесуде «Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының төрағасы А.Қоңырбаев сөз сөйлеп, Ардагерлерге «Ауыл» партиясы жайлы мағлұмат берді.
​Кездесудің басты мақсаты – аға буын өкілдерінің цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін түсіндіру және күнделікті өмірде тиімді пайдалануға көмектесу болды. Іс-шара барысында жастар ардагерлерге смартфондар мен мобильді қосымшаларды қолдану, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу, интернеттегі қауіпсіздік ережелері және цифрлық платформалардың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді. 
​Сонымен қатар, қатысушыларға бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктері таныстырылды. Жастар ардагерлерге жасанды интеллект құралдарын ақпарат іздеу, мәтін дайындау, аударма жасау, сурет құрастыру, күнделікті жоспар құру және түрлі сұрақтарға жедел жауап алу мақсатында қалай пайдалануға болатынын тәжірибелік түрде көрсетті. Ардагерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жасанды интеллектпен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін меңгерді. 
​Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар цифрлық технологиялардың өмір сапасын жақсартудағы маңызын атап өтті. Ардагерлер жастардың көрсеткен көмегіне ризашылықтарын білдіріп, мұндай тағылымды кездесулердің жиі ұйымдастырылуы қажеттігін айтты. 
​Шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, жастар мен ардагерлер арасындағы байланысты дамытуға және цифрлық қоғамға бейімделуге бағытталған маңызды алаңға айналды. 

«Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметті.

Другие новости

Уважаемые жители города Конаев!

Уважаемые жители города Конаев!

В связи с проведением работ по модернизации теплов...

  10.08.2026   192
Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында орналасқан «Алсу» карьеріндегі түтін жойылды

Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында орналасқан «Алсу» карьеріндегі түтін жойылды

Мұнда аптап ыстықта қоқыс қалдықтары бықсып, тұтан...

  10.08.2026   137
Акция добра и помощи

Акция добра и помощи

До начала нового учебного года остается совсем нем...

  07.08.2026   276
Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында мемлекеттік басқару жүйесіне жаса...

  07.08.2026   196
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.