Среда, 07 Октября 2026

Жат ағымдардың алдын алу – ортақ міндет

Жат ағымдардың алдын алу – ортақ міндет

2026 жылғы 19 маусым күні Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйінде аудан жастарының қатысуымен «Жат ағымдардың алдын алу – ортақ міндет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу, сондай-ақ дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау және дұрыс дүниетаным қалыптастыру.
Кездесу барысында жастарға діни мәселелер бойынша ақпарат алуда сақ болу қажеттігі түсіндірілді. Әсіресе әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде таралатын күмәнді діни ақпараттардың қауіптілігі айтылып, тек ресми және сенімді дереккөздерге сүйенудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар жастар арасында сыни ойлау қабілетін дамыту, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысын Іле ауданының теолог маманы жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мұндай кездесулер жастардың діни сауаттылығын арттыруға, жат идеологиялардың таралуының алдын алуға және қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

Другие новости

Вторая жизнь старых шин

Вторая жизнь старых шин

Отслужившая свой срок автомобильная покрышка обычн...

  07.10.2026   82
По маршруту милосердия

По маршруту милосердия

В последние годы предприниматели все чаще совмещаю...

  07.10.2026   85
В преддверии отопительного сезона

В преддверии отопительного сезона

В рамках подготовки к отопительному сезону сотрудн...

  07.10.2026   90
Мечты сбываются, если захотеть

Мечты сбываются, если захотеть

С детства каскеленка Айнур Каби очень любила танце...

  07.10.2026   93
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.