Пятница, 10 Июля 2026

Ұйғыр ауданында мемлекеттік активтерге аудит жүргізілді

Ұйғыр ауданында мемлекеттік активтерге аудит жүргізілді

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұйғыр ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша ьаспасөз мәслихаты өтті.
Жиында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ардақ Қондыбаева аудит барысында жалпы 21 млрд 950 млн 150 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтер қамтылғанын айтты.
«Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеден астам  бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталмау фактілері анықталды. Мемлекеттік аудиттің басты мақсаты – анықталған кемшіліктерді жою арқылы қаржылық тәртіпті нығайту және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету», – деді Ардақ Қондыбаева.
Спикердің айтуынша, қаржылық бұзушылықтардың ішінде 6,2 млн теңге жергілікті бюджетке өтелуге жатса, 3 млрд 930,1 млн теңге қалпына келтірілуі тиіс сома ретінде белгіленген. Аудит барысында оның 915,6 мың теңгесі бюджетке өтеліп, қалпына келтірілуге тиіс соманың  25 пайызы қалпына келтірілген.
Сонымен қатар 2 млрд 470,3 млн теңге көлемінде қаржылық есептіліктің бұрмалануы анықталып, 11 рәсімдік сипаттағы бұзушылық тіркелген.
Өз кезегінде №1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы – мемлекеттік аудитор Бағлан Орманов аудит қорытындысы бойынша заңнама талаптарын бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданғанын атап өтті.
«Аудит барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша 11 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 13 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталып, 4 әкімшілік хаттама рәсімделді. Бұл қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қаржыны басқарудағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған», – деді Бағлан Орманов.
Брифинг барысында аудит қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне нақты ұсынымдар берілгені айтылды. Атап айтқанда, жергілікті бюджетке өтелуге тиіс 5 млн 311,1 мың теңгені өндіріп алу, сондай-ақ 1 млрд 861,7 млн теңге көлеміндегі бұзушылықтарды қаржылық есептілікте қалпына келтіру міндеті қойылды.
Спикерлердің айтуынша, мемлекеттік аудиттің нәтижелері бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік активтерді басқару сапасын арттыруға және қаржылық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған.

Другие новости

Ұйғыр ауданында мемлекеттік активтерге аудит жүргізілді

Ұйғыр ауданында мемлекеттік активтерге аудит жүргізілді

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінд...

  10.07.2026   81
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

Тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа атаулы жән...

  09.07.2026   103
Среднедушевые доходы казахстанцев демонстрируют положительную динамику

Среднедушевые доходы казахстанцев демонстрируют положительную динамику

Среднедушевые номинальные денежные доходы населени...

  09.07.2026   100
Артерии жизни региона

Артерии жизни региона

Представьте себе тысячи гектаров яблоневых садов,...

  09.07.2026   154
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.