Среда, 07 Октября 2026

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында шағын футболдан тартысты турнир ұйымдастырылды.
Іс-шара Ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында өткізіліп, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың белсенділігін арттыруға және өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.
Турнир барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктері мен жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Командалар әр кездесуде жеңіске деген жігерін танытып, алаңда бар күш-жігерін салды. Тартысты өткен ойындар көрермендерге де ерекше әсер сыйлап, спорттық бәсекенің қызықты әрі қызу өтуіне ықпал етті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын — «Төрелер» командасы, Есік саяжайы;
ІІ орын — «Ават» командасы;
ІІІ орын — «Ақши» командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс білдіріліп, үздік командалар марапатталды. Барлық қатысушылар спорттық белсенділігі мен жоғары жігері үшін атап өтілді.
Мұндай спорттық шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, оларды ұйымшылдыққа, достыққа, өзара сыйластыққа және тәртіпке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар командалық спорт жастардың жауапкершілігін арттырып, бір мақсатқа жұмыла әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Турнир жоғары деңгейде өтіп, жастардың спортқа деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті. Алдағы уақытта да бұқаралық спортты дамытуға бағытталған осындай іс-шаралар жалғасын табады.

Другие новости

Вторая жизнь старых шин

Вторая жизнь старых шин

Отслужившая свой срок автомобильная покрышка обычн...

  07.10.2026   85
По маршруту милосердия

По маршруту милосердия

В последние годы предприниматели все чаще совмещаю...

  07.10.2026   88
В преддверии отопительного сезона

В преддверии отопительного сезона

В рамках подготовки к отопительному сезону сотрудн...

  07.10.2026   93
Мечты сбываются, если захотеть

Мечты сбываются, если захотеть

С детства каскеленка Айнур Каби очень любила танце...

  07.10.2026   96
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.