Четверг, 08 Октября 2026

Астанада математика және механика бойынша халықаралық конкурс өтті: Алматы облысының оқушылары жүлделі орындарға ие болды

Астанада математика және механика бойынша халықаралық конкурс өтті: Алматы облысының оқушылары жүлделі орындарға ие болды

АСТАНАда 11-13 наурыз аралығында Ө. Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті. Зияткерлік жарысқа түрлі елдерден дарынды жас зерттеушілер жиналып, өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды.

Конкурс қорытындысы бойынша Алматы облысының құрама командасы жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
• ІІ орын – Алатау қаласы №47 орта мектептің 11-сынып оқушысы Ахатова Элинур;
• ІІІ орын – Талғар аудандық жеке лицей-интернатының №1 11-сынып оқушысы Ульфанов Мухаммадали және Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрбай Мерей.

Жас зерттеушілер өз жобаларында математика мен механиканың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми ізденістерін таныстырды. Қазылар алқасы олардың жұмыстарын жоғары бағалап, оқушылардың зерттеу әлеуетін атап өтті.

«Бұл конкурс мен үшін үлкен тәжірибе болды. Өз жобамды таныстырып, өзге елдердің дарынды оқушыларымен білім сайыстыру өте қызықты әрі жауапты іс. Болашақта осы бағытта өзімді әрі қарай дамытқым келеді», – дейді жүлдегер Нұрбай Мерей.

Айта кетейік, Ө. Жолдасбеков атындағы бұл халықаралық конкурс жыл сайын өткізіліп, ғылымға қызығушылық танытатын дарынды оқушылардың басын қосады. Шара жас ғалымдарға тәжірибе алмасуға, өз идеяларын ұсынуға және ғылым жолында жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Другие новости

«Ұстаз – білімнің шамшырағы»: «Әділет» партиясы педагогтерге құрмет көрсетті

«Ұстаз – білімнің шамшырағы»: «Әділет» партиясы педагогтерге құрмет көрсетті

Қонаев қаласында «Әділет» партиясы Алматы облыстық...

  07.10.2026   112
Педагоги школы будущего

Педагоги школы будущего

В Доме культуры имени Н. Тлендиева села Отеген бат...

  07.10.2026   136
В поиске лучших решений для детства

В поиске лучших решений для детства

В городе Қонаев состоялся областной конкурс «Метод...

  07.10.2026   143
В городе Алатау наградили лучших педагогов

В городе Алатау наградили лучших педагогов

В городе Алатау состоялось торжественное мероприят...

  07.10.2026   124
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.