Пятница, 27 Февраля 2026

Цифрлық экожүйе және IT саладағы алғашқы қадамдар

Цифрлық экожүйе және IT саладағы алғашқы қадамдар

Alatau Hub алаңында ақпараттық технологиялар және цифрлық мамандықтар саласында мансаптық мүмкіндіктермен таныстыруға бағытталған «Цифрлық экожүйе және IT саласындағы алғашқы қадамдар» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар заманауи IT экожүйесінің құрылымымен танысты - стартаптар мен технологиялық хабтардан бастап венчурлік қаржыландыру құралдарына және цифрлық жобаларды қолдауға бағытталған түрлі бастамаларға дейінгі бағыттар қамтылды. Семинарға 30-дан астам цифрлық құзыреттерін дамытуға қызығушылық танытушылар қатысты, соның ішінде мектеп оқушылары, студенттер және жас мамандар бар.Сондай-ақ саланың негізгі даму бағыттары, сұранысқа ие дағдылар және кәсіби жолды бастауға арналған практикалық мүмкіндіктер қарастырылды.
Практикалық мәселелерге ерекше назар аударылып, қатысушыларға мамандану бағытын таңдау, қажетті құзыреттерді меңгеру және IT саласында мансаптық траекторияны қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілді. Сонымен қатар кәсіби профильді дамыту және цифрлық қауымдастыққа кірігу тетіктері түсіндірілді.
Alatau Hub өңірдің технологиялық әлеуетін дамытуға бағытталған алаң ретінде жас мамандарды, кәсіпкерлерді және сала сарапшыларын біріктіреді. Осындай білім беру іс-шараларын өткізу тұрақты цифрлық ортаны қалыптастыруға және цифрлық экономика үшін жаңа кадрларды даярлауға ықпал етеді.

Другие новости

Цифровая экосистема и первые шаги в IT

Цифровая экосистема и первые шаги в IT

На площадке Alatau Hub состоялся обучающий семинар...

  27.02.2026   65
Цифрлық экожүйе және IT саладағы алғашқы қадамдар

Цифрлық экожүйе және IT саладағы алғашқы қадамдар

Alatau Hub алаңында ақпараттық технологиялар және...

  27.02.2026   59
Клуб цифровой робототехники

Клуб цифровой робототехники

В Alatau Hub начал работу клуб по цифровой роботот...

  27.02.2026   55
Цифрлық робототехника клубы

Цифрлық робототехника клубы

Alatau Hub-та цифрлық робототехника клубы жұмысын...

  27.02.2026   60
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.