Четверг, 08 Октября 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ДАРЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕБІ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ДАРЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕБІ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы Дарын инновациялық мектебі ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады. Жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсенбинов қатысты.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсенбинов.

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   126
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   136
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   126
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   146
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.